Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


04.05.2019, 10:05

Алматы облысында сотталушы өзін төсекке таңып, туыстарына хабарласуға мұрсат бермей отырғанына шағымданады

Азаттық

Алматы облысы Заречныйдағы ЛА-155/14 жалпы режимдегі колония сотталушысы, мүгедектігі бар Василий Кузьмин өзін түрменің медициналық бөлімшесінде төсекке таңып, туыстарына хабарласуға мүмкіндік бермей отырғанына шағымданады. Ол өзіне қажетті дәрі-дәрмекке тапсырыс беру үшін туыстарына хабарласайын десе, түрме әкімшілігі өтінішіне құлақ аспайды. Кузьминнің шағымын Азаттық тілшісіне түрмеге 3 мамырда барған адвокаты Ялкун Таиров жеткізді.

Заңгердің айтуынша, қант диабетіне шалдыққан сотталушы Кузьмин бұған қоса, түрмеде мүгедектігіне байланысты қажетті дәрежеде тамақтандырмайтынын да айтқан. Адвокат Кузьминнің шағымының көшірмесінің суретін көрсетті. Сотталушы шағымды жанында адвокаты болған кезде жазған.

Таировтың айтуынша, Кузьмин кездесу бөлмесінде өте әлсіз, науқас көрінген.

Василий Кузьмин жайлы ең алғаш рет ақпан айының соңында әпкесі Марина Кузьмина айтқан. Ол екінші топтағы мүгедек ағасына қажетті дәрі-дәрмек беру үшін түрмеге жиі барады. Ол ағасының денсаулығына, түрмедегі емдеу сапасы мен түрме қызметкерлерінің ағасына қалай қатынас жасайтынына алаңдайтынын айтады.

Түрме әкімшілігіне хабарласа алмады. Бірақ Алматы облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің кезекшісімен сөйлесе алды. Кезекші "Кузьминді медициналық бөлімшеде төсекке таңады" деген ақпаратқа күмәнмен қарады. Кезекшінің айтуынша, егер сотталушы түрме аумағынан тыс жерде емделсе ғана оны төсекке таңуы мүмкін. Ол түрменің медициналық бөлімшесінде емделіп жатқан сотталушыны ешкімнің төсекке таңуына құқығы жоқ екенін айтты.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.