Қытайда оқыған қазақ жігіті Арыстанбек Мұхамедиұлының өтірігін әшкереледі

23.02.2017, 15:49

Қытайда оқыған қазақ жігіті Арыстанбек Мұхамедиұлының өтірігін әшкереледі

Қытайда оқыған қазақ жігіті Арыстанбек Мұхамедиұлының өтірігін әшкереледі Tengrinews.kz

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің «I am a singer» ән байқауында (Қытай) сәтті өнер көрсетуі Мәдениет және спорт министрлігінің арқасында деп мақтанған министр Арыстанбек Мұхамедиұлының тағы бір өтірігін осы байқаудың басы-қасында жүрген қазақ жігіті әшкере қылды. Бұған дейін Tengrinews.kz порталына сұхбат беріп, Димашты осынау өнер шыңына қалай келгенін айтып берген Ертай Нүсіпханов Арыстанбек Мұхамедиұлын біреудің еңбегін пайдаланды деп айыптап отыр. Бұл туралы ол өзінің Фэйсбуктегі парақшасында мәлімдеді. Осы жазбаның толық нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз.

АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ ҚАЙ ҚОЛДАУДЫ АЙТЫП ЖҮР?

«Димаш Құдайберген I Am a Singer жобасына қалай келді?» деген сауал төңірегінде өрбіген сұхбатым жарияланған күні, Димашты осы конкурсқа қандай қиындықтармен бетпе-бет келіп жүріп қатыстырғанымды өз көзімен көріп жүрген Димаштың бір көмекшісі маған телефон соғып:

– Сіз сұхбат беріп пе едіңіз? – деді.

– Иә, – дедім.

– Жаңа министрдің өзі хабарласып, менен «Ертай деген кім?» деп сұрады, – деді де, сөзін түсініксіз аяқтады...

Ал бір күн бұрын Димаштың әкесі Қанат Айтбаевтың ұлының осы жобаға қатысуына қолдау көрсеткені үшін Мәдениет және спорт министрлігіне айтқан алғысы жария болған еді... Осыдан кейін-ақ мұнда бір шикіліктің пайда болғанын білгенмін...

Енді міне, күні кеше ғана министр Арыстанбек Мұхамедиұлы: «..при поддержке министерства в 2015 году Димаш принял участие в международном конкурсе «Славянский базар», где стал обладателем гран-при, также блистательно выступает в данное время в китайском конкурсе профессиональных исполнителей «I am a singer»... ... вот это является свидетельством того, что мы выполняем на качественном уровне поручения Главы государства», – деді.

Жалпы, қазақтың бір ұлы бүтін бір ұлттың рухын ту етіп желбіретіп шығып еді, оны «мен таныттым» деушілер көбейді. Мейлі ғой, көбейсін! Себебі, талантты ұл Қазақтікі болған соң, оған қай қазақ қалай мақтанса да жарасады, қалай таласса да кешірімді... Димаштың айналасына топтасып үлкен оқиғаның артында өздерін көп іс тындырып жүргендей көрсеткісі келген әрбір жанға мен сондай түсіністікпен қарап келемін...

Екі жыл еңбектендім екен деп, істеген ісімді міндет қылмаймын. Еңбегім бағаланса екен деп те дәмеленбеймін әрі оған ұмтылмаймын да. Себебі, еңбекақы талап етіп, бағалау сұрайтындай бұл әлдекімнің тапсырысы емес! Мен бұл істі ешкімнің бұйрығымен, ешбір адамның тілегімен орындаған жоқпын. Әрі-беріден соң бұл кез келгеніміздің мойнымыздағы – азаматтық парыз. Ұлт, өнер алдындағы әрбір азаматқа жүктелген борыш деп түсінемін. Сол себепті, сұхбат аламыз деген барлық журналистерден бас тарттым. «Димашты танытқан менмін» дегендей, әр жерден бір жылт етіп көрінуді жөн санамаймын. Димашқа талантты берген – Құдай! Ал мен бір себепкер ғанамын... Мұны, сондай-ақ, Қытайда білім алған соң, сол елге теңдессіз мәдениетімізді танытсам екен деген ойдан туған арман деп те айта аламын. Демек, мен бар болғаны өз арманыма адал еңбегіммен қол жеткізген, сол арқылы халықпен бірге өлшеусіз қуанышқа бөленген осы елдің бақытты бір азаматымын.

Жаһандану дәуірінде әдеп-ғұрып, салт-санамызды, мәдениетімізді сақтап қалудың бірден-бір жолы – оны басқаларға паш ету. Қазақтың төл мәдениеті, ұлттық құндылықтары бізге – қазаққа ғана қажет! Аумалы-төкпелі заманда қол қусырып отырмай немесе билікке жалтақтай бермей, шын ұмтылсақ талай биіктерді жалғыз жүріп-ақ бағындыруға болатынын сөзбен емес, іспен дәлелдегім де келді... Ал енді министрдің мәдімдемесін қалай түсінуге болады? Осы жобаға қазақ әншісін қатыстыру туралы идеядан бастап, Димашты конкурс «есігіне кіргізіп жібергенге» дейінгі екі жыл уақыт аралығында істің басы-қасында жүрген мен неге министрліктің қолдауы былай тұрсын, осы іске атсалысқан бірде-бір министрлік қызметкерін көре алмадым?! Министр мырза қолдауын кімге, қалай көрсетті? Оны қалай, немен дәлелдейді? Немесе Арыстанбек Мұхамедиұлы «Елбасы тапсырмасын жоғары деңгейде орындадық» деп кімдерді меңзеп тұр?! Бұл біреудің еңбегін пайдалану емес пе? Егер қазір бүкіл келіссөз барысының қалай жүргенін хат-хабарымен бірге жария етіп жіберсем, ол жерде аты-жөні бірде-бір рет аталмаған министрге ұят болмай ма? Немесе, «мен едім» деп жүрген басқа да азаматтар кіммен және қалай келіссөз жүргізгенін, оның қанша кезеңнен тұрғанын көрсетіп бере ала ма екен? Иә, Арыстанбек мырза «Дайдидауды» ұлт аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен орындауға жәрдем жасап жатыр екен. Оны ешкім жоққа шығармайды. Бірақ, орта жолдан қосылып, өзін алға шығаруына бұл аздық етпей ме?

Жалпы, бұл жағдай төңірегінде айтылып жатқан көп нәрсені көрсем де көрмегендей, естісем де естімегендей күй танытып жүрмін... Себебі, бұл бізге (қазаққа) абырой әкелмейді. Жаза берсе маған том-том кітап жазуға да болар, бәлкім... Бірақ халыққа қажетсіз, тек қазақтардың арасына бүлік тудыратын дүниені айтқызуға, жазғызуға мені ешкім мәжбүрлемесе екен деймін!

Естеріңізге салайық, осыдан бірнеше күн бұрын 2016 жылды қорытындылап есеп берген Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Д.Құдайбергеннің Қытайдағы жетістігін президенттің жас таланттарға қолдау көрсету бойынша берген тапсырмасының сәтті орындалуы деп мақтанған болатын. Яғни, министрліктің қолдауы болмаса Димаштың өнер биігіне шығуы екіталай еді дегенді меңзегендей болған.

Пікір   

казах 23.02.2017 17:42
уят кой
Рахима 23.02.2017 21:33
Жарайсың, Ертай!
Алаш 24.02.2017 12:21
Ұяты жоқ, екі жүзді к-т жалағыш министр. Өзіне бетсізденіп ұпай жыйнаудың амалы. Мұны неге кетірмейді екен.
Сұлтан 24.02.2017 13:37
Жарайсың Ертай інім, Димаштың осы өзге елдегі ән-таласқа қатысқаны еңбегіңнің бағаланғаны деп білерсің. Ал мәдениет уәзіріне келсек өзі бір түсініксіз жан ғой. Соңында шұбатылып қанша әңгіме реіп жүр, АЛЛАМ сақтасын. Таза адамға бос әңгіме ермейді.
Амина 24.02.2017 15:05
Ертай Жарайсыз! Бұл мәселеге соңғы нүктені конкурс біткеннен кейін Димаштың өзі қоюі керек. Осы мәселе жөнінде өзінің шын көзқарасын білдіру - Димаштың халық алдындағы азаматтық парызы болмақ.
Еркін 24.02.2017 19:23
Уақыт бәрін өзі реттейді. Барлығы бір құдайға белгілі. Министр өтірік айтса, ертең өтірігі өзіне екі есе болып, қайта айналып келеді.
Разия 24.02.2017 20:41
Министр занимается очковтирательством и не краснеет. Какая же у него неприятная наружность.
Бауыржан 24.02.2017 21:15
Жарайсын Ертай . Тек кана алга. Ит урет. Керуен кошели.
Танзила 24.02.2017 21:54
Жарайсың Ертай!Тілшілердің қулағына алтын сырга Ертайдын Димашка коскан улесін халыкка жеткізсе деймін!
нұрқамит 25.02.2017 12:03
осындай арсыз адам мәденйеттен жұрдай адам қалайғана мәдениет минстірі болған екен масқара
Баке 26.02.2017 01:08
Ақпарат құралдарындағы деректерге сүйенсек, бұл министр əлдеқашан қызметінен босатылуы керек еді. Өкінішке орай орнында нық отырғанына қарағанда дамбал бажа емес пе екен ой туындайды. Бəрі мүмкін...
ереке 26.02.2017 07:43
за таких стыдно за нацию
берік 26.02.2017 11:17
масқара
Лұқпан 26.02.2017 14:01
Қалай билікке сенуге болады?Масқара десең масқара,кошмар десең кошмар.
Опщим ужас.
Ербол 26.02.2017 19:32
Маскара, соз жок!!!
Ешкім 26.02.2017 21:37
Ертең елін сүйген Президент тағайындалса Арыстанбек ауылдық мәдениет үйінің директорлығына да жарамай қалады...
қазақ 27.02.2017 04:37
Негізінде қытайда оқыған жігіттердің билік мінберіндегі салыстырмасын көбейту керек. Өйткені, олар нағыз еңбекпен елді өркендетуге үлес қосар еді.
Боранбай Құдияров 27.02.2017 09:30
Айналайын,Ертай!Азаматтығыңды ел-жұртың көріп-біліп отыр.Тек,Алға!
Жанар 27.02.2017 10:22
Министрдiн мұнысы ұят болған екен
Мүсіркеп Сейдахмет 27.02.2017 13:50
Ұятан безген бұлар. "Дайын асқа тік қасық" боп әбден жаман үйренген. Әшкерелеу керек еді. Біреу тоқтату керек қой. "Құрысын" деп жүре бересең, бұлар төбеңнен құдық қазады.
Аслан ХАМЗА 27.02.2017 15:27
"Елге жақындағанда ит озады" дегендей, жеңіс табалдырығында тұрған Димашқа Біз қолдау жасадық деушілердің көбейгені ұят екен. Министрге жараспады. Ереке, ащы шындық тәтті өтіріктен жақсы. Сізді қолдаймыз. Алла еңбектеріңіздің жемісін молынан бергей. Алға Казақ елі!
Алина 22.03.2017 18:58
Осы министрдің түрінде тұр ғой қандай адам екені
Шарлотта 01.05.2017 14:28
Кудай биледи, осы басында димаштын осы конкурска катысып жаткан ын министрлик билмейтинде шыгар. Аты шыга бастаганда ан тан болып ,азирге Аска тик касык бола калды
Министрдин мунысы адамшылыкн емес?
Айбек 01.05.2017 21:40
Ертай бауырым, зор еңбегің сіңген екен бұл сайысқа -мыңда бір рахмет, аман жүріңдер. Алғысым шексіз, өнерлерің өсе берсін.
Есет 01.05.2017 21:39
Арыстанбек сенде ешқандай ұятта арда жоқ. Қазақ деген аттан садаға кет.
Ереке 01.05.2017 22:07
Білім министрлігі мен Мәдениет министрлігі сайқы мазаққа айналғаны қай заман.
Дархан 01.05.2017 22:25
Арсыздың жаны өтірікке бір табан жақын тұрады ғой.
Бұл министр мəдениет пен өнерді сондай ақ спортты əбден бастап бітті.
Жазирашах 01.05.2017 22:45
Есесіне халық біледі. Десе де ДИМАШ неге өз аузымен айтып, есіміңізді ескермейтініне түсіністік танытып отырғаныңыздың өзі зор адамгершілікке жатады. ДИМАШ еңбегіңздің бар екенін, басқа емес алдымен өзі айтуы тиіс
Айка 01.05.2017 23:18
Еңбегің жансын Ертай
Қаракөз 01.05.2017 23:29
Осы неге қазақтар іші тар ааа олай болса Димашты басқа қалаға жіберу керек
қазақ жанашыры 01.05.2017 23:31
Осы министрге көөөп күмәнім бар.Тұңғышбай ағаға жасағаны анау... Нағыз қазаққа жанашыр адам емес меніңше.Жай есеп-отчет-көрсеткіш үшін жүрген адам.Ақша не істетпейді.Мәдениет министрі осындай болса,қорқу керек.
Мурат 02.05.2017 01:28
Мен оз козиммен кормеген сон, менин жеке пикирим: егер министр мырзанын айтканы рас болса оган алланын нуры жаусын, ал егер жалган болса ол оз созине ( отирик) алла тагаланын алдында жауап береди. Сол себепти сонына дейын куту керек деген ойым. Биреуди накактан накак гайбаттау куна
Ақжол 02.05.2017 07:13
Бәрі дұрыс қой. Бірақ Димаш неге үндемей қалды? Ертайдың еңбегі сіңсе ол неге бір ауыз сөз айтпайды? Бір кілтипан бар сияқты... Қателессем - ғафу өтінем. Анығын білгім келеді.
Жаным қазақ 02.05.2017 13:10
Ертай бауырым, сен нағыз батырсың! Біз сені мақтан тұтамыз! Қазақ ұлты үшін істеп жүрген істеріңнің бəрінен хабардармыз, біз сені қолдаймыз!
Рахмет саған, аяқтан шалған, балақтан тістегендерге мəн берме! Шындық су түбінде жатпайды, бір күні қалқып су бетіне шыққанда арсыздар шындықпен кірлеген жүздерін жуа алмай қалады! Тек қана алға!
Шолпан 03.05.2017 22:29
Ертай сені қолдаймыз! АЛҒА
Əже 03.05.2017 22:40
Димаш "Қазақстан " концерт заңындағы кездесуінде бəріне РАХМЕТ айтты ғой, сонда Ертайдың атын атады Ма? Мүмкін, сонда атап айтқан шығар.
Мұхит 06.05.2017 10:35
Одай министір сымақтарды жазалау керек! Ұят жоқ, ар жоқ, сондай адамдардың министір қызметінде жүргені президентке сын емес пе?!

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші