Қоғам белсенділері министр Сағадиевтің қызметінен қуылуын және жазалануын талап етуде - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал
Пятница, 03 марта 2017 01:47

Қоғам белсенділері министр Сағадиевтің қызметінен қуылуын және жазалануын талап етуде

Қоғам белсенділері министр Сағадиевтің қызметінен қуылуын және жазалануын талап етуде Kursiv.kz

Әлеуметік желіде қоғам белсенділері ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің қызметінен қуылуын талап етуде. Еліміздің «бас педагогы» қазақ халқына, қазақ тіліне қарсы науқан жүргізіп жатыр деп айыпталуда. Тіпті, ҚР Ұлттық ғылым академиясының бірнеше академигі де Премьер-министрге ашық хат жазды.

Қоғамда наразылықтың тууына бірнеше себеп бар. Мәселен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен жоғары және одан кейінгі оқу орындарындағы мамандықтар тізімінен «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Қазақ тарихы», «Лингвистика», «Шығыстану» секілді ең қажетті пәндер алынып тасталған. Бұл бір...

Екіншіден, былтыр жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп бағдарламасынан «Әліппе» мен «Ежелгі қазақ тарих» пәндері де алынып тасталынды.

Үшіншіден, Елбасының солтүстік облыстарын қазақтандыру керек деген тапсырмасы аясында іске қосылған «Серпін» бағдарламасы ҚР БҒМ бұйрығымен жұмысын тоқтатты.

Осы аталған жайттардан кейін қоғам белсенділері Ерлан Сағадиевтің жұмысынан кетуін және осы жасаған әрекеттері үшін заң алдында жауап беруін талап етуде.

«Мектептерге үштілді білім беру жүйесін енгізу - балалардың конституциялық құқығын бұзу болып табылады. Қазақстан балалары орта білімді өз ана тілінде алуларына құқылы. Сонымен қатар, министр былтыр ЖОО-ларда ежелгі қазақ тарихы кафедраларын жапқызып, пәнін алып тастады. Бастауыш сыныптардан «Әліппені» алып қойды. Қазір студенттер үшін құрылған оңтүстіктен солтүстікке көшу бағдарламасын да жауып тынды. Ол аздай, «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндерін алып тастады. Мен министрдің бұл әрекеттерінің бәрін қасақана жасалған қастандық деп білемін және оның сотталуын талап етемін», - дейді қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан.

Блогер Айгүл Орынбек болса барша қазақстандықтарды Ақорданың WhatsApp-мессенджеріне хат жазып, Сағадиевті қызметінен босатуды талап ету керектігін айтып отыр. Саясаттанушы Айдос Сарым да министрдің іскерлік әрекеттеріне күмәнмен қарайтынын жазды.

«Жалпы Қазақстанда филолологияны филология ететін филология емес! "Именно" қазақ филологиясы, қазақ филологтары. Ұлттың, елдің аты мен атауы, тілі мен ділі, оның мазмұны мен сапасы, кешегісі мен болашағы. Қазақ бола отырып, егемен дəулет құрып, қазақтықтан неге үркуіміз керек? Онымыз кімнің тақиясына тар келіп тұр? Олай болатын болса осы бір түсініксіз, қадыр-қасиетсіз министрдің қазақ атаулыға осыншама жауыққанын түсінбеймін. Əкесін академик қылдық, бар ғимаратын жекешелендіріп, университет ашуына жол бердік. Не жаздық екен? Бүкіл билік ішіндегі, шенеунік атаулының арасындағы қазаққа ең сүйкімсіз министр екені мен үшін анық. Істеген ісінің барлығы шикі, бəрі даулы. Бір инабаты, иманы жоқ адам сияқты көрінеді», - дейді Айдос Сарым.

«Мына министр сымақ Сағадиевтің "істерін" білген сайын төбе шашым тік тұратын болды. Осы біреу қазаққа қарсы жұмыс жасаған Майлыбаевтың сыңары болып жүрмесін. Масқара ғой!», - деп жазды саясаттанушы Расул Жұмалы өзінің Facebook-парақшасында.

Жалпы, бір тәулік ішінде министрдің отставкасын талап етушілердің саны еселеп артты. Желі қолданушыларының көбі министр Ерлан Сағадиевтің қазақ халқына әдейі қастандық жасап отырғанын, қазақ ұлты үшін оның қауіпті екенін жарыса жазуда.

Осы ретте айта кету керек, былтыр көтерілген жер мәселесі елді ұйыстырып, қауіпке қарсы тұруға бейімдеді. Оның нәтижесін бүкіл жұрт көріп отыр.

Ал, министр Сағадиевтің мәселесі Парламент пен Үкіметтің күн тәртібінде қарала ма, жоқ па оны уақыт көрсетеді. Әзірге жұдырықтай жұмылған халық оны министрлер үйінен қуып шықпай тынбайтындай әсер қалдырып отыр.

Пікір  

+ +7 Бейбарыс 03.03.2017 11:27
Егер менде Сағадиевтегідей байлық болғанда, мен тек қайырымдылық шараларымен айналысып, ел үкіметіне араласып ешкімнің қарғысына қалмай өз-жөніммен өмір сүрер едім. Ал министрлікте тек сол саланың ең күшті кəсіпқой маманы қызмет етсін деп соларға қолдау жасар едім. Əркім өз батпағында өмір сүру керек.
Жауап беру
+ +25 Жауын 03.03.2017 11:31
Бұндайларды өлім жазасына кесу керек,себебі қазақ халқына қасақана қастандық жасады. Іштен шықан жау жаман!
Жауап беру
+ +34 Серікбол 03.03.2017 11:45
Мәдениет саласын мәдениетсіздер басқарады, білім саласын білімсіздер басқарады, өйткені соның бәрінің басында потенциялы таусылған сауатсыз басшы отыр.
Жауап беру
+ +10 Адай 03.03.2017 14:45
Бұндайларды өлім жазасына кесу керек,себебі қазақ халқына қасақана қастандық жасады. Іштен шықан жау жаман!
Жауап беру
+ +15 Динара 03.03.2017 12:36
Орынынан кетсин. Казак мемлекетынен кетсин.
Жауап беру
+ -1 заре 04.03.2017 18:35
Мән жайдың анық қанығына жетпей кетсін, өтйсін -бүйтсіні қалай???
Жауап беру
+ +6 Еркебулан 03.03.2017 12:44
Акорданын ватсап желисин ким биледи жазып жиберсендер
Жауап беру
+ +22 қазақ 03.03.2017 12:45
Сағадиев орнын босату керек.
Жауап беру
+ +19 Анора 03.03.2017 12:56
Бір сөзбен айтқанда Сағадиев өз орнынан кетсін..
Əліппені қайтарсын.балаларымыздың миын сауат ашумен ашытпай.Əліппеде А əріпінен басталса Сауат ашуда А əріпі мүлде жоқ сиақты ғой.əртүрлі əріптер жазылған.жəне ретімен емес.сұмдық қой бұл деген.
Жауап беру
+ +21 Залбек 03.03.2017 13:15
Мұндай министрді қуу керек.Ол барлық іс әрекетімен қазаққа дұшпан екендігін көрсетіп отыр ғой!
Жауап беру
+ +12 Əмина 03.03.2017 13:58
Мəңгүрт
Жауап беру
+ +6 Алаш 03.03.2017 14:06
Өте дұрыс қойылған талаптар. Қолдаймын!
Жауап беру
+ +12 Ақиқат 03.03.2017 14:48
Тазарту керек.Бұларды жоқ қылу керек.Халық көтерілмей тұрғандай Сағадиев орынын босату керек.Қазақты саяси мәңгүрт қылу мақсаты.
Жауап беру
+ +14 Рай 03.03.2017 15:31
Өз еркімен кетсін,елге күлкі болып болды,мəңгүрттер ол орында отырмасын,босатсын!!
Жауап беру
+ -7 Билим 03.03.2017 15:43
Білімді адам!
Жауап беру
+ +12 Ғаділбек 03.03.2017 16:01
Сағадиев және сол сияқты ұкұмет басшыларын куу керек жұмыс орынан қазақ еліне пайдасынан зияны көп
Жауап беру
+ +8 Ұстаз 03.03.2017 16:14
Орынды босату керек және жедел түрде
Жауап беру
+ +8 Жұмажан 03.03.2017 16:16
Қызметіне на кетсін. Бұлардың бəрі дерлік халық жауы.
Жауап беру
+ +8 Пенсонер 03.03.2017 17:49
Мынандай министрди
Аластау керек!!
Жауап беру
+ +6 Пенсонер 03.03.2017 17:51
Мынандай министрди аластау керек елден
Жауап беру
+ +4 Гульнара 03.03.2017 21:59
Халық жауы ретінде жазалау керек,!
жауызды.
Жауап беру
+ +3 Сəке 03.03.2017 18:29
Мұғалімдерді аяймын.қағаз жазудан қолдары тимейді. Балаға білім беру жайына қалды.
Жауап беру
+ +2 Маке 03.03.2017 18:30
Қазақтың жауы,кетсін орнынан.
Жауап беру
+ +2 Аман 03.03.2017 19:09
Жұмысына салғырт караған барлық шенеуліктерді жұмысынан босату, ел игілігіне жұмыс істей алмаған министрлер жалғыз Сағадиев қана емес, қазақ елі қашан алға ілгерлейді осындай министрлер отырғанда
Жауап беру
+ +2 Ана тилин арын бул! 03.03.2017 19:25
Ана тилинди , төл адебиетинди курметте агайын! Бул биздин жас урпакка бабалар калдырган асыл мура!!
Жауап беру
+ +1 қазақ 03.03.2017 20:26
елдің бәрін өзіндей мәңгүрт болсын дейтін шығар әліппеде нең кетті
Жауап беру
+ 0 жұмыссыз 03.03.2017 20:59
наразылық көп
Жауап беру
+ +2 Бакыт 03.03.2017 21:04
Сағадиев халық жауы.Орнынан кетсін!жауы.Орнына болашакты ойлайтын ұлтжанды азамат болса игі еді!
Брлашағымызға сеніміміз бұлыңғыр болды ғой!
Жауап беру
+ +2 Айна 03.03.2017 21:58
18-19ғғ.отаршыл мемлекеттердің евроцентристік саясатын жүргізіп отыр. Білім саласына кембриждік деңгейлік бағдарламаны енгізуі, қазақ тілі мен тарихына балта шабуы, сауатсыз жазылған оқулықтар осыны дəлелдейді
Жауап беру
+ +3 Гульнара 03.03.2017 22:01
Қазақтың болашағына балта шапқан жауыз.халық жауы.
Жауап беру
+ +1 Гулимай 03.03.2017 22:29
Сумдык го булдиршиндеримиздин болашагын булынгыр кылды ау айтарга соз жок
Жауап беру
+ +2 Мәди 03.03.2017 22:40
Дұрыс қолдаймыз. Мемлекттің иесі қазақ ұлтына қастандықпен жұмыс жасайтын мұндай министрлер үкіметтің емес көршілердің шошқаханасында жұмыс істеуі керек сияқты.
Жауап беру
+ +3 Самат 03.03.2017 22:44
"Сауат ашу" деген сөз, меніңше, ертеректе жасы келген сауатсыз адамдарды оқыту үшін қолданылған сөз. Қазір мектепке келген бала сауатты болып келеді, әріп, цифр танып келеді. Сауаты ашылған! Әліппе қалу керек!
Жауап беру
+ +4 Самат 03.03.2017 22:48
үш тілділік - қаза тіліне балта шабу! Ағылшын тілін қажет еткен бала өзі қосымша оқып алады. Әр бала өз ана тілінде білім алу керек. Оқығанын өзі білетін басқа тілде жеткізе алады ғой. Мысалы Мен орысша оқығанымды қазақша, қазақша оқығанымды орысша жеткізе аламын, сол сияқты,алған білімін қосымша меңгерген басқа тілдерде де жеткізе алады!
Жауап беру
+ +4 Окушы анасы 03.03.2017 23:20
Кетсін! Бұрынғы бастауыш мектеп бағдарламасы қайтарылсын. Баламызбен бірге миымыз су болды жаңа бағдарламаны меңгертеміз деп!
Жауап беру
+ +4 Асыл 03.03.2017 23:44
Осылай оз ултына опасыздык жасауга болама.
Жауап беру
+ +2 Заке 03.03.2017 23:45
Білімді адам болса осылай мәңгүрттің ісін істемес еді.
Жауап беру
+ +2 Батпан куйрык 04.03.2017 00:47
Бул рас болса маскара екен
Жауап беру
+ +2 Хайдар 04.03.2017 00:52
Министр жазалансын!
Жауап беру
+ +5 Райхан 04.03.2017 00:58
Тек министрді емес осы жағдайға жеткізген өтірік ғалым басшыларды жəне қол қойған мұғалімдер мектеп директорларын да жауапқа тарту керек. Ең алдымен мансап билік ақша үшін балалардың білімі мен болашағын ойын сияқты еткені үшін
Жауап беру
+ +3 Асик 04.03.2017 01:13
осындайларды ататын кун кашан туады екен
Жауап беру
+ +2 Адай Табын 04.03.2017 07:31
Кетсін!
Жауап беру
+ +2 Набира 04.03.2017 08:06
Әуелі жазалансын!!!
Жауап беру
+ +4 Набира 04.03.2017 08:09
Ұкімет қайда қарап отыр осындай сорақылыққа жол беріп????
Жауап беру
+ +2 жак 04.03.2017 09:06
Кетсін. Жедел түрде ауыстыру керек
Жауап беру
+ +2 Зейнеткер 04.03.2017 09:26
Өте дұрыс талап, қолдак керек. Қазақтың мұддесін қорғамайтын министр керек емес.
Жауап беру
+ +1 Арғын 04.03.2017 10:13
Қазақстан мемлекетінің сатқыны (изменник Родины, предатель), қазақ халқына геноцид жасағаны, сепаратист, шевонист баптарымен қылмыстық жауапкершілікке тартып, үрім-бұтағымен Еліміздің азаматтығынан айырып. басына ит терісін қаптаап, есекке теріс қаратып отырғызып, барша жұрттың алдында төрт дүниеге қаңғыртып жіберу қажет.
Жауап беру
+ +4 Бақай 04.03.2017 11:45
Басқа министрлікті қайдам үкімет басшысы мен президент аппараты Білім және ғылым министрлігіне ұлтжанды адам әкелу керектігін талап ету керек.
Жауап беру
+ +1 шынтас 04.03.2017 13:28
Б!л!м министрл!г!не кашангы б!л!мс!здер келе берер екен!!! Мынау деген сумдык-кой!!!
Жауап беру
+ +1 нурбол 04.03.2017 13:45
ит жокта шошка урген заман болды гой
Жауап беру
+ 0 Роза 04.03.2017 17:59
Қойған талаптар дұрыс . Мен Министерді қолдаймың.
Жауап беру
+ -1 Айдын 04.03.2017 18:06
Жақсы адам
Жауап беру
+ 0 Саша 04.03.2017 18:50
Бундайларды аягына тас байлап тенизге тастасангой
Жауап беру
+ 0 акан 04.03.2017 18:53
Кетсін. Жедел түрде ауыстыру керек
Жауап беру
+ 0 дәке 04.03.2017 19:11
Сағадиев және оның артында көрінбей тұрған кукловодтарды тугел әшкерелеу керек!!! Халық жаулары!!!
Жауап беру
+ 0 Галя 04.03.2017 20:24
Ауыл мектептеріне бардыма екен сол министр Ескі өлең- жаңаша№ Қайран елдін қаражаты!
Жауап беру
+ 0 Жанашыр 04.03.2017 20:45
Әкесі не қарап отыр? Әлде ол да сондай ма!
Жауап беру
+ 0 Айка 05.03.2017 00:09
Басшынын бары осы Әли ппени окып ак сауатын ашкан казакты сонша корлаудын кажети жок
Жауап беру
+ 0 жумыссыз 05.03.2017 12:52
Бундаиларды елден аластап орынына Тасмаганбетовти кою керек
Жауап беру
+ +1 Мектеп 05.03.2017 17:37
Сағадиев білімді адам.Атамекен орта мектебі ұжымы ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің білім мазмұнын жаңарту реформасы мен орта мектеп бағдарламасына үш тілділікті енгізу үдерісін қолдайтынымызды білдіреміз
Жауап беру
+ 0 Ұлт жанашыры 05.03.2017 22:44
Мына министрді кетірмей тынбау керек, ол қазақ халқының болашағына балта сермеп отыр.
Жауап беру
+ 0 шалаказахапын 06.03.2017 12:46
25 жылда Казах ен кормедi, кредит пен лактырды, салынбаган уйлер сатты, каншама банк акшаларын лактырып кеттi. Каншама жер сатып Казахтарды лактырды. Ендi тiл мен дiнiмiздi шауып тастаса СТАДА СВИНЕЙ боламыз.
Жауап беру
+ 0 aida 06.03.2017 13:07
halaik, bireudi jamandamas burin baska makalalardi da okip kimnin kim ekenin bilip alinizdar. bir makalamen bola, bir karsi adamnin oiina bola koritindi jasap tastaitinday tomen emes wigarsizdar endi
Жауап беру
+ 0 nurly 06.03.2017 14:07
Қазақстандықтар ҚАЗАҚ тілін қолдайық! Бұндай іс əрекетке қарсымын!
Жауап беру
+ 0 Айару 07.03.2017 17:12
Қай уақытта да сын айту, ақыл айту болған. Бірақ, Білім министрлігінің бар жұмысына қара күйе жаға салуға келіспейміз. Білім министрлігінің басты мақсаты білім саласының деңгейін бәсекеге қабілетті етіп, дамытып, өркендетпек. Өскелең ұрпақ жан-жақты болып шығуы керек. Бір жақты маман қазір еш жерге қажет емес, жан жақты болғаны абзал. Сондықтан, аз да болса қолдау көрсетіп, істелген жұмысты, оқушылар мен студенттердің алға ілгерілеп жатқанын көзбен көріп отырған соң, мойындау да керек деп ойлаймын.
Жауап беру
+ 0 Аружан 07.03.2017 18:18
Білім саласындағы жаңа өзгерістер керек. Бұл заман талабы! Сағадиев мырзаға тек қана сәттілік тілеймін!
Жауап беру
+ 0 Нурлан 07.03.2017 18:18
Қазақ тілін мәртебесін көтеріп жүрген азаматтардың бірі, ол осы Сағадиев мырза!
Жауап беру
+ 0 Аслан 07.03.2017 18:19
Мен керісінше Сағадиев мырзаны қолдаймын! Осы адамның арқасында бізде білім саласы тек дами түседі.
Жауап беру
+ 0 Арман 07.03.2017 18:20
Мен келіспеймін! Халықпен тікелей жұмыс жасап, олардың сұрақтарына жауап беріп жүрген жалғыз министр ол Сағадиев. Білім саласында жақсы өзгерістер байқауға болады.
Жауап беру
+ 0 бахытжан 09.03.2017 20:32
Қазақты құртам десе оның көзін құрту керек
Мен дұрыс азамат деп жүрсем
Жауап беру
+ +1 Нұрлан 11.03.2017 10:46
Ақшасы барлар білгенін істеп жүру керек пе? Жоғарыдағылар не қарап отыр құртпай ма? Бұндайларды халықтын ызасын келтірмей.
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

Санат

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші