М.Тайжан: «ҚХА қажеттілігін жоғалтты, оның тарайтын уақыты алыс емес» - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

М.Тайжан: «ҚХА қажеттілігін жоғалтты, оның тарайтын уақыты алыс емес»

27.04.2017 11:59
М.Тайжан: «ҚХА қажеттілігін жоғалтты, оның тарайтын уақыты алыс емес»

Танымал экономист, қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан Қазақстан халқы ассамблеясының қазақ қоғамына қажет болмай қалғанын айтып отыр. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында маңызды болған осынау институт бүгінде театрландырылған қойылымға ұқсап барады дейді ол өзінің Facebook-парақшасында.

Тайжанның жазуынша, Қазақстанда 140 ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады деген ақпарат та шындыққа жанаспайды. Мұны ол коммунистік кезеңнен қалған асыра сілтеушілікке балап отыр.

«Бұл институт бізге 25-20-15 жыл бұрын қажет болса болған шығар. Ол кезде қазақтардың елдегі үлес салмағы 38-50 пайыз аралығында еді. Ал, қазір демографиялық жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты (қазақтардың саны 77 пайызды құрайды) ҚХА жасандылыққа бой алдырып барады. Турасын айтайық, біздің елде 140 ұлттың өкілі тұрмайды», - дейді ол өзінің жазбасында.

Оның айтуынша, елде бір ұлттың бір ғана өкілі тұрса да, оны диаспоралар қатарына қосып, 140 ұлтан тұратын Ассамблеяны жасап шығарған. Ал, сол Ассамблеяның 10 өкілі Мәжіліске депутат болып тағайындалады.

М.Тайжан сондай-ақ, қазақ балаларына өзге ұлт өкілдерінің киімдерін кигізіп, елдегі көпұлттылықты көрсетудің қажеті жоқ екенін де айтып отыр. Мұндай бутафорияның кімге керегі бар дейді ол.

«Әрине, әр ұлттың өкілі өзінің ұлттық киімін киіп жүруге құқылы. Бірақ, сол ұлттардың өкілдерін мектептерден, ауылдар мен қалалардан таппасақ, оның ұлттық киімін қазақ баласына кигізудің не қажеті бар? Бұл барып тұрған мазақ қой. Қазақстанда мемлекетті қалыптастырушы бір ғана ұлт бар, ол - 13 миллионға жетіп қалған қазақ халқы. Кез келген өзге мемлекеттердегі секілді бізде де диаспоралар бар, олар өз тілін, дінін, мәдениеті мен дәстүрін сақтауға құқылы. Бірақ, қазіргі жастар ұлтына қарамастан мемлекеттік тілді үйренуі керек, қазақша сөйлеуі керек. Мемлекет соған міндеттеуі тиіс», - дейді Мұхтар Тайжан.

Оның пікірінше, Қазақстан халқы ассамблеясының тарауына көп уақыт қалған жоқ. Елдегі демографиялық жағдай соған әкеле жатыр.

«Біз еуропалық үлгіде ұлттық-демократиялық құқықтық мемлекет қалыптастыруымыз қажет», - деп жазды экономист өзінің парақшасында.

Айта кетейік, кеше Астанада Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті сессиясы өтіп, оған еліміздің әр аймағынан келген 1,5 мыңнан астам адам қатысты.

Пікір  

+ 0 жолдас 30.04.2017 02:00
Елге зияны жоқ болса ҚХА бола бергені жөн ғой,ешкімге зияны жоқ мекеме тек пайдасы бар,ал қазақ балдарының басқа ұлт киімін киуіне басқа ұлт өкілдерінің айыбы не,оған өзіміздің қазақтар айыпты,бізде қазақтар 78 пайызға жеткен жоқ, қазір қазақтар 52 пайыз,26 пайыз қазаққа ұқсайтын ұлытсыздар,келте штандылар,салафиттер,шала қазақ орыс деп орыс емес,қазақ деп қазақ еместер,сондықтан ҚХАсақтап қалған жақсы
Жауап беру
+ 0 аноним 30.04.2017 17:14
оте дурыс
Жауап беру
+ 0 Зағыпар 02.05.2017 00:18
Мұрат бауырым ҚХА əңгімең құрып қалды ма? Қабір басына коттедж сияқты мазар тұрғызып, там орнатып жатқандарды неге айтпайсың. Елді мекендерімізбен бірге зиратымызда зәулім болып барады. Бүйте берсек 20 жылдан кейін өлілермен бірге өмір сүріп жүргендей боламыз. Жерлеу шараларын əкімдікке немесе коммуналдық шаруашылыққа беріп, белгілі бір стандарт енгізу қажет. Адамдар тек ақысын төлеп, барлығына бірдей тас орнатылатындай ету қажет.
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші