Арман Шораев Бас прокурорға: «Кезінде осындай жемқорлардың қорғаушысы боламын деп ойладың ба?» - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Арман Шораев Бас прокурорға: «Кезінде осындай жемқорлардың қорғаушысы боламын деп ойладың ба?»

28.04.2017 16:06
Арман Шораев Бас прокурорға: «Кезінде осындай жемқорлардың қорғаушысы боламын деп ойладың ба?»

«Қазақстан барысы» қорының төрағасы, қоғам қайраткері Арман Шораев «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығының экс-президенті Василий Нидің жазасыз қалғанына наразылығын білдіріп, еліміздің Бас прокуроры Жақып Асановқа үндеу жолдады.

Үндеуін ол Instagram әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында жариялаған. Онда ол Бас прокурордан 1 миллион доллар пара алып, мүлдем жазасыз қалған парақор Нидің қорғаушысы болмауға шақырады.

«Жақып! Түсіндіріп берші бізге. Сен прокурорсың ба, әлде оңбағансың ба? Қаншама жерлесімізді, қандастарымызды бір қап бидай үшін, 50 мың теңге үшін түрмеге қамап, парақор Ниді бостандыққа жіберіп жатырсың. Әділеттігің осы ма? Сені мырза деп, жолдас деп, аға деп айтуға енді тілім бармайды. Сөзің әдемі, ісің көріксіз. Кезінде заңгер боламын деп армандағанда осындай жемқорлардың қорғаушысы боламын деп ойладың ба? Құның сенің 5 тыйын, ондай болсаң», - делінген Шораевтың жазбасында.

Еске салайық, былтыр қыркүйекте Василий Ни 1 миллион долларды пара ретінде алып жатқан жерінде ұсталған болатын. Ол өзінің қоластындағы қызметкері Махаббат Сейдуллаева арқылы инвесторлардан ақша бопсалаған. Осындай жайттардың бірінде Ни «Хоргос Тюльпан» компаниясының басшыларынан 1 миллион доллар пара сұрап, оны алып жатқан жерінде қолға түсті.

Нидің пара алғаны дәлелденсе де, сот оған ешқандай жаза қолданбайтынын айтып, өткен аптада босатып жіберген еді.

Пікір  

+ +8 Азен 28.04.2017 18:10
МасқараІ Кезінде бір әкімді 5 мың тенге пара алдың деп 4 жылға соттап жіберген. Ниді босатып жібергіні,енді қорықпай пара ала беріңдер дегені ме?
Жауап беру
+ +8 Аноним 28.04.2017 19:55
Дұрыс айтады.
Жауап беру
+ +2 Сапар 28.04.2017 20:33
Оган бола соттап акымак па судья .
Жауап беру
+ +8 Мен..Анамын 28.04.2017 22:10
Жерін бермеймін дегендер түрмеге тоғытылды, ал Ни не үшін бостандықта...?????
Халық шынымен бұган наразы..
Жауап беру
+ +6 пролл 28.04.2017 22:20
хозяин айты НИ-каких деді!
Жауап беру
+ +8 НƏН 29.04.2017 12:06
Қазақты құрту саясаты жатыр бұлардың түпкі мақсаты..
Өз Халқына жаны ашымаса, өз Халқын қорғамаса мұндай биліктің қажеті бар ма?
Жауап беру
+ +11 Жако 29.04.2017 12:14
Казакстанда адилеттик жок, канша бейбти керемет омир сурип жатсакта
Жауап беру
+ +8 Арлан. 29.04.2017 13:41
Арман дурыс койган сурагын.Енды не дер екен бас прокурор.
Жауап беру
+ +10 Areke 29.04.2017 14:40
Жақыппенен бөліспесе шығады ма дейсің. Бес мың теңге алғанмен несін бөледі. Қаймақ ішкен құтылады құты жалаған тұтылатын бұл біздің мәңгілік қазақстан ғоі
Жауап беру
+ +6 Areke 29.04.2017 16:06
Айран ішкен құтылатын құты жалаған тұтылатын бұл біздің мәңгілік жемқорстан ғой
Жауап беру
+ +3 Ерла 29.04.2017 16:06
Арман бетке айтты өте дұрыс !
Жауап беру
+ +6 Ерлан 29.04.2017 16:07
Арман өте дұрыс айтты!
Жауап беру
+ +6 Қазақбай 29.04.2017 21:05
Жақып деген өткенде жақсы сөйлеп еді. Сөйтсек жылытрағаны болмаса, жемқорлардың қорғаны үшін прокурор болған екенғой.
Жауап беру
+ +4 Қазақбай 29.04.2017 21:06
Бір парақорды екінші парақор босатып жіберді.
Жауап беру
+ +3 Қазақ 29.04.2017 22:37
ОПГ, Нидің артында кім тұрғаны белгісіз, Қазақстанда ондай үлкен лауазымда улкен ақша түсетін жерде жай адам отырмайды, подставной лицо болуы мүмкін,
Жауап беру
+ +4 жолдас 30.04.2017 02:09
Заң алдында бәрі бірдей болу керек,кім болса ол болсын,бұл Ни баяғы марқұм Президент Н.А.Назарбаевтың көмекшісі болған Ни-дің тумасы шығар,содан соң осындай шешім болуы мүмкін, өкімет басындағыларға өз алдына заң бар ғой,ал жай халыққа өз алдына заң бар
Жауап беру
+ +2 Адилет 30.04.2017 02:15
Ук!м шыгарушылар да абыройдан журдай болды- гой. Халык акымак емес, барлыгын айдан анык б!л!п отыр. "Ерд! намыс олт!ред!"-- деген, барлыгы ер емес ез болып кеткен сиякты. Жет!скен екенб!з !!! "Сенген койым сен болсан, куйсеген!нд! !"-- дегенн!н кер! келд!-гой !!!
Жауап беру
+ +1 Серик 30.04.2017 10:33
Əйй путинді жамандады деп қамап тастаған жоқпа, оның қасында...
Жауап беру
+ +2 Таке 30.04.2017 11:40
Арманды колдаймын 100 пайыз!!! Бул сумдык!
Жауап беру
+ +3 Шарлотта 01.05.2017 14:21
Бул казакстандагы заннын ойыншык айналуы. биздин зан кимге кулки,кимге турпи деген соз
Жауап беру
+ +1 қазақ 01.05.2017 23:40
Армандаи ағалар көп болса екен....
Жауап беру
+ +2 Десантник 02.05.2017 11:44
Ни какой генпрокурор. Расставьте запятую
Жауап беру
+ 0 Боксер 02.05.2017 12:10
Негізі дұрыс айтылған, бірақ бұл сұрақты сотқа қойған дұрыс ау. Қылмыстар бойынша жазаны күшейту керек, тек жемқорлық қылмыстар емес зорлау, адам өлтіру бойынша өлім жазасы керек.
Жауап беру
+ 0 Аман 02.05.2017 18:58
Арман Азамат! !! Қайда жепутаттар , ассамблея миллион теңге алып отырған чмолар , бәрін соттау керек. Әншейінде сөз бермейді , ал қазыр мұрындарын көттеріне тығып отыр байғұстар.
Жауап беру
+ 0 акылбек 02.05.2017 19:11
МасқараІ
Жауап беру
+ 0 ФАТИМА 03.05.2017 13:09
ЗАҢ НИЛЕРДІҢ ЖАҒЫНДА ҒОЙ! СОНДЫҚТАН ГЕНПРОКУРОР ШАРАСЫЗ!
Жауап беру
+ 0 казак 03.05.2017 15:09
Рахмет Шындыкты шырылдап айткан ойына толык косыламын
Жауап беру
+ 0 Аноним 03.05.2017 17:24
Бар екен ғой,азамат,ойлап едік,ұлтымызда әу дейтін еркек қалмады ма деп.Арман турасын айтты,тура бидің әділдігі қайдааа?
Жауап беру
+ 0 заржак 03.05.2017 18:25
Казакстан соттары мен прокурорларында бет жок екен кандай пазор карапайым ел алдында.
Жауап беру
+ 0 Ербол 06.05.2017 11:11
Арман, Жақып мырзаға айтқан ренішің өте орынды, бірақ оған өкпең болмасын. Жақыпта көп "карманный" шенеуніктің бірі ғой, көкесіне жалтаңдайтын! Ал Ниді ақтағандағы аргументтері "попытался, но ущерб государству не наносил, положительно характеризуется, помог следствию" дейді. Енді осы фактіні жақында Астанада 6 жасар қызды зорламақшы болған педофилдің әрекетімен салыстырып көрейік. Мұнда да "попытался, но не совершил полового акта и не нанес физическую и моральную травму, положительно характеризуется и помог следствию" деп, сосын педофилді ұстаған құрылысшыларды "нанесли телесные повреждения педофилу" деп абақтыға жапса таңғалмайық! Тек қана оның "влиятельный" көкесі болса болғаны
Жауап беру
+ 0 Серпер 27.05.2017 20:30
СЕНГЕН ҚОЙЫМ СЕН БОЛСҢ КҮСЕГЕНІҢДІ ҰРАЙЫН. НАЗАРБАЕВТІҢ ТАПСРМАСЫ
БОЙНША АТАҚТЫ НИДІҢ ОЙНАСТАН ТУҒАН БАЛАСЫ БОЛҒАНДЫҚТАН БОСАТТЫ.
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші