Петропавлда соңғы 2 жылда ажырасқандар саны 2 есеге артқан - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

13.07.2017, 11:22

Петропавлда соңғы 2 жылда ажырасқандар саны 2 есеге артқан

Петропавл қаласының прокуратурасы ажырасу деректерін қысқарту үшін алдын алу шараларын қолға алуда. Құзырлы орган мамандары бүгінде ажырасудың негізгі себептерін талдап, оны болдырмаудың амалдарын қарастыруда. Бұл туралы СҚО прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Статистикаға көз жүгіртсек, соңғы екі жылда қаладағы ажырасу фактілері екі есеге дейін артып кеткен. Мәселен, 2015 жылы 1052 жұп ажырасса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 2034-ке бір-ақ жетіпті. Ал, ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында 407 ерлі-зайыпты сот арқылы некелерін бұзған.

«Статистиканы көргендеріңіздей, ажырасу деректері екі есеге дейін артып отыр. Көп жағдайда балалар жартылай жетім қалуда. Салдарынан алимент төлейтін ер азаматтардың да саны артты. Яғни, бір проблемадан бірнеше проблема туындап отыр. Осындай жайттарды болдырмау мақсатында қазір медиативті шараларды қолға алып жатырмыз, ерлі-зайыптылардың сотқа арыз түсіргеніне дейін олармен жұмыс істеп, татуластыру жақтарын қарастырамыз», - дейді облыстық прокуратура өкілдері.

Бүгінде Петропавлде жас отбасы клубы құрылып, жұмысын жүргізіп келеді. Ол ажырасуға ниеттеніп жүрген жас отбасыларға психологиялық көмек көрсетіп, ақыл-кеңес береді. 2017 жылдың алғашқы 6 айында 35 жұпты ажырасудан сақтап қалған мамандар өз жұмыстарының нәтиже беріп отырғанын айтуда.

Пікір  

+ 0 ар - намыс 19.07.2017 01:22
осы заманда некені сақтау, ұрпақ жалғастырып, балаларды тәрбиелеу деген отбасылық құндылық туралы түсінік аз. Ана - отбасының бағушысы деген түсінік қыздарда қалыптаспаған.Бүгінгі қыз - ертеңгі келін, болашақ ана екендігін түсінбейді.Өзі де ертең ене болам - ау деп ойламайды. Өзі жақсы көрген отағасы сол ененің баласы екенін ойлағысы келмейді. Шешелері ішіме сыйған сыртыма сыяды деп, азғырып отырады. Баларын кішкене кезінде бақтырып алып, бала есейген соң ененің керегі болмай қалады. Содан айла - шарғы басталады. Кемпірді түрткілеу, баласын айдап салу, үйін тартып алу т., б,.Содан сотқа жүгінеді. Сот ақ, қараны айырмай слабый пол деп еркектерді езгілейді. Ойдөйт дерсің өтірікті қардай боратып адвокат шығады... Әйел айрылса күші тасып, тауды қопарады деп. Баланың эмоция - психологиясы ешкімді ойландырмай, алимент көкейін тесіп, отағасының беделі тапталып, баланың тегі ойрандалып, нағашыға атақ керек сөйтіп неке бұзылады.
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші