Р.Ошақбаев: Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы 1,7 млн теңге жалақы алады

22.07.2017, 12:02

Р.Ошақбаев: Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы 1,7 млн теңге жалақы алады

Рахым Ошақбаев Рахым Ошақбаев Forbes Казахстан

Былтыр ғана құрылған «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ-ның басшысы 1,7 миллион теңге жалақы алатын көрінеді. Бұл туралы кеше "Хабар" телеарнасында өткен дебат барысында танымал экономист Рахым Ошақбаев мәлімдеді.

Еске салайық, күні кеше Рахым Ошақбаев пен ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов тікелей эфирде Міндетті медициналық сақтандыру тақырыбында дебат өткізген болатын. Экономист аталған реформаны енгізуге әлі ерте десе, министр одан тек пайда келетінін айтып отыр.

Осы жарыссөздер барысында Ошақбаев биыл 1 шілдеден бастап енгізілген осынау медициналық реформаны үге-шүгесіне дейін зерттеп шыққанын көрсетті. Оның пікірінше, мұны медициналық сақтандыру деп айтқаннан көрі, салықтың жаңа түрі деп атау қажет.

"Реформа аясында сіздер миллиондаған қазақстандықтан 1,5 мың теңге көлемінде ай сайын алып отырмақсыздар. Бұл қаражат міндетті медициналық сақтандыру қорына жиналады. Сіздер мұны сақтандыру қоры деп атайсыздар. Бірақ, мен экономист ретінде айтайын, бұл ешқандай да сақтандыру қоры емес. Сіздердің халықтан жинап жатқан ақшада сақтандырудың ешқандай белгілері жоқ. Яғни, бұл қорға жиналған қаражат біздің жасымызға, ауруымыздың түріне, денсаулығымызға байланысты емес. Бұл жай ғана жұрттың бәрінен бірдей көлемде жиналып жатқан салық", - деді Рахым Ошақбаев.

Ол сондай-ақ, әңгіме барысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жылдық шығыны тым көп екеніне назар аударды. Айтуынша, алғашқы жылдағы қордың шығыны 8,6 млрд теңгені құраса, 2020 жылдан кейін бұл көрсеткіш 13,4 млрд теңгеге жетеді екен. Ал, Қордың орталық аппаратындағы қызметкерлердің саны 70-ке де жетпейді.

"5 146 қызметкері бар Денсаулық сақтау министрлігінің жылдық шығыны 17 млрд теңгенің шамасында. Ал, 251 қызметкер жұмыс істейтін қордың шығыны не үшін мұншама көп? Өйткені, олардың бәрі өте қымбат кеңсені жалдап, аса қымбат көліктерде жүретін болу керек. Жалақылары да өте жоғары болады. Мысалы, қор басшысының айлығы 1,7 миллион теңге. Ал, басқарушы директорлары 1,1 млн теңге алады ай сайын. Мұның бәрі сіз бен біздің ай сайын медициналық сақтандыруға деп беретін ақшамыз", - деді танымал экономист.

Денсаулық сақтау министрі болса жалақы мәселесін жауапсыз қалдырды. Алайда, алдағы уақытта (нақты қашан екені белгісіз) дәрігерлердің жалақысы 1 мың АҚШ долларынан кем болмайтынына уәде берді.

Пікір   

Төребек. Тұрғанбекұл 22.07.2017 21:16
Пікір сайысты көрдім. Министр атқарар шаруасын білмейтіні анық байқалды. Тәжірибесін алған елдегі жағдай, азамат тардың табысы біздегімен мүлде сəкес еместігі. Жұмысы ойына келгенін істеп жатқан берексіздік. Ошақбаев сауатты маман екен министрді осындай жандардан тағацындаса, онда жиналған қаржыны 1,7 миллионнан айлық етіп жей алмай қалады. Бұрынғы мед қауіпсіздік үшін жинаған қаржыны Иманбаева жеді етіп соттап еді, мынау да соның жолын құшатын тірлік секілді.
Кан 23.07.2017 00:30
Бул халыкты суликше сору дейди
Гаухар 24.07.2017 14:06
Барлық жұмыс дәрігердің мойынында,рахат еш бас қатырмай алып отырған ақшасын қара!Біз сияқты қарапайым елді емдеп жүрген дәрігерлердің алатын жалақысы мыналардың алып жатқан, ақшаларынын алдында итке тастаған сүйектен жаман!Жас мамандар учаскада жұмыс істегісі келмейді,барлығы ең құрығанда бөлім меңгерушісі болғысы келеді,ешбіреуі қарапайым дәрігер болғысы келмейді.Медицина аяғы аспаннан келіп жатыр дегені осы,олар барлығы бастық болғысы келеді.Ден саулық сақтау менеджері дәрігерден артық ақша алады.Бұл орысша айтқанда рабовладение деп аталады,дәрігерлер мойнына жауапкершілікті алып ауруларды емдейді,ал сол ауру емдейтін дәрігерлерге тиесілі акшаны,медицинадан шалғайда жүріп,пысықайлар алады.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші