Қоғам белсенділері Қарағандының 5-арнасын «сепаратизмды насихаттады» айыптауда (ВИДЕО) - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

Қоғам белсенділері Қарағандының 5-арнасын «сепаратизмды насихаттады» айыптауда (ВИДЕО)

23.07.2017 00:27
Көрнекі сурет Көрнекі сурет РИА Новости Украина

Қазақстанның қоғам белсенділері Қарағандыдағы 5-арна басшыларын заң аясында жазалауды талап етіп отыр. Себеп - телеарна өз эфирінен Украинаның Донбасс қаласында болып жатқан әскери қақтығысты, атап айтқанда, соғысып жатқан ресейшіл тарапты насихаттайтын деректі фильмді көрсеткен.

Бұл туралы танымал экономист Мұхтар Тайжан өзінің Facebook-парақшасында жазды. Оның айтуынша, аталған фильмде Донбастағы сепаратистердің «ерлігі» туралы насихатталған.

«Кеше Қарағандының 5-арнасынан Донбасс сепаратистері туралы, олардың қалай соғысып жатқаны туралы, ерлігі туралы деректі фильм көрсетілді. Бізде мемлекеттік идеология деген атымен бар ма? Әлде әркім өз бетімен кете бере ме? Ішкі саясат бөлімдерінің жұмысы қайда?», - деп жазды М.Тайжан.

Мұнан кейін Қарағанды облыстық әкімдігінің өкілдері 5-арна басшыларының халықтан кешірім өтінгенін, эфирге жауапты редактордың тәртіптік жауапкершілікке тартылатынын айтқан болатын. Алайда, желі қолданушылары бір ғана кешіріммен мәселеге көз жұма қарауға болмайтынын тағы да алға тартты.

«Қалай екенін білмеймін, бірақ жазалау қажет. Жай ғана кешірім сұрау аздық етеді. Телеарнаның лицензиясын тартып алу керек немесе ірі көлемде айыппұл салынсын. Ал, редакторды жұмыстан қуу керек», - деді М.Тайжан.

«Қазақстан барысы» қорының төрағасы, қоғам қайраткері Арман Шораев та телеарна басшыларын жауапкершілікке тарту қажеттігін айтып отыр.

«Әлеуметтік және ұлттық араздықты қоздырғаны үшін, терроризмді насихаттағаны үшін аталған телеарнаның лицензиясы кері қайтарылсын», - деп жазды Шораев өзінің Facebook-парақшасында.

Мұхтар Тайжанның Facebook-парақшасынан алынды

Пікір  

+ +2 Ғани Ибраимов 24.07.2017 08:44
Өте дұрыс. Қамысты бос ұстасаң қолыңды кеседі.Каналмен қатар, осы салаға жауапты мемлекеттік органның жауапты тұлғалары да жазалануы керек, əрекетсіздігі жəне мемлекетмүддесін қорғамағаны үшін
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші