Серік Ахметов 21 қыркүйекте түрмеден шығады

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

05.09.2017, 20:58

Серік Ахметов 21 қыркүйекте түрмеден шығады

Еліміздің бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов биыл 21 қыркүйек күні түрмеден босатылатын болды. Оның түрмеге қамау жазасы бостандығын шектеу жазасына алмастырылмақ деп жазады Today.kz сенімді дереккөздеріне сілтеме жасап.

Ақпараттық агенттіктің хабарлауынша, Ахметов 4 жыл 26 күн жазасын өз үйінде өткізеді. Вице-премьер Қарағанды қаласындағы үйінде тіркелген. Түрмеден шыққаннан кейін де дәл осы үйінде өмір сүруі тиіс.

"21 қыркүйекте шешім заңды күшіне енеді. Мұнан кейін ол қамаудан босайды. Неге дейсіздер ме? Серік Ахметов АК 159/18 түрмесінде өзін тек жақсы қырынан ғана көрсете білді. Мемлекетке келтірілген шығынды да толықтай өтеді", - дейді порталдың сенімді дереккөзі.

Ахметов түрмеде 4 рет грамота алып, үлгілі тәртібі үшін марапатталған.

Еске салайық, Серік Ахметов 2015 жылдың желтоқсан айында 10 жылға бас бостандығынан айрылып, дүние-мүлкі тәркіленді. Оған мемлекеттің қаражатын талан-таражға салды, кәсіпкерлікпен заңсыз айналысты, қызметін асыра пайдаланды деген айыптар тағылған болатын. 2016 жылдың наурызында Қарағанды облыстық сотының апелляциялық алқасы экс-премьердің жазасын 8 жылға дейін қысқартты.

Пікір қалдыру үшін әлеуметтік желі арқылы кіріңіз

     

Пікір  

Бəке
0 Бəке 09.09.2017 21:25
Серік Ахметов қылмыс жасайтын адамға мүлдем ұқсамайды, жала жабылды ау ол кісіге ,құдай күш қуат берсін.
Жәкең
0 Жәкең 07.09.2017 22:02
Аллаға тәубе!
Ақтоты
0 Ақтоты 07.09.2017 12:50
Алаштың азаматы аман болсын.Азаттыққа не жетсін.
Каншайым
0 Каншайым 06.09.2017 22:56
менин оз басым Серик Акметовтын киналы болып турмеде отырганына карсымын!!
Ол киналы емес
Маке
0 Маке 06.09.2017 16:01
Бір каропка сіріңке урласан соттайды? Егерде Вагон урласан саған. Грамато жазады мактап
Толғанай
+1 Толғанай 06.09.2017 12:45
Урааа!!!! Аллаға шүкір!!!!!
сәулет
+1 сәулет 06.09.2017 10:41
ура қуанышымда шек жоқ! аман болшы ағажан
Жанар абдишова
0 Жанар абдишова 06.09.2017 10:29
Ол сонда металды ма? Калай.? Пәленбай акшаны кымкырды деп жазаланған заң озине ози карсы шығып отыр ма? Будан кейин адилеттилик бар дегенге Ким сенпди. Коркынвшты. Р.s. басында ,,сонда ол металды ма,, дегим келген. Кате кетипти.
аслан
0 аслан 06.09.2017 08:45
сондагы пален мидлиард урлап 2 отырып швгвп кетуге бола ма? кушти гой.
Багдат
0 Багдат 06.09.2017 01:25
Шүкір Алла! Аман есен оралуына тілектес білдіреміз! Өте қуаныштымыз!
Базар
0 Базар 06.09.2017 00:23
Казак
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

DivideGroup — сайт әзірлеуші

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

    Яндекс.Метрика