Жаңа латын әліпбиінде қазақша әріптер жоқ

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

11.09.2017, 15:09

Жаңа латын әліпбиінде қазақша әріптер жоқ

Жаңа латын әліпбиіндегі қазақтың төл әріптерінің орнын қосарланған әріптер басады. Айта кетейік, бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде Шаяxметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық орталығының директоры Ербол Тілешов латын әліпбиінің бірыңғай нұсқасын таныстырған болатын.

«Латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиін жасауда "бір әріп - бір дыбыс", "бір әріп - екі дыбыс" және "бір дыбыс" принципі қолданылды. 25 таңбалы әліпбиге қосымша қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толығымен қамту үшін 8 дыбысты таңбалайтын 8 деграфта ұсындық» , - деді Тілешов.

«Қазақ әліпбиінің латын графикасындағы нұсқасын дайындау бойынша әртүрлі сала мамандарынан, мекемелерден көптеген  ұсыныстар болды. Мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиінің нұсқасын таңдауда ең алдымен ғылыми принциптер негізге алынды. Соның нәтижесінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне, жалпы әліпби түзудің теориясы мен практикасына құрылған нұсқа таңдап алынды», - деді ол.

Е. Тілешовтің айтуынша, жаңа әліпби қабылдау, бір таңбаларды екінші таңбалармен ғана ауыстыру емес, ол - бұрынғы әліпбилерде жіберілген емлеге қатысты жаңсақ жазуды дұрыстау. Осы реттен келгенде, әліпби жасау және оны енгізумен бірге жаңа жазу ережелері де қабылдануы тиіс.

«Жаңа әліпби нұсқасы негізінде Ш.Шаяхметов атындағы республикалық орталық  қызметкерлері және сырттан шақырылған тұрғындар арасында бірнеше рет апробация жүргізілді.  Оған қатысушылардың көпшілігі осы нұсқаға қолдау білдірді», - деп атап өтті тілдерді дамыту республикалық орталығының директоры.

Жаңа нұсқада "ә" дыбысы "ae" деграфымен берілсе, "ө" - "oe", "ү" - "ue" деп таңбаланды. Мәселен, "әлем" - "aelem", "өркен" - "oerken", "үкімет" - "uekimet" болмақ.

"Мұндағы айрықша тұрған дыбыс - "ң". Ол қазақ тіліне тән дыбыс, басқа тілдерде де бар. Біз оны "ng" деграфымен бердік. Осындай деграфпен беру ағылшын тілінде де, басқа бірнеше дыбыстарда кездеседі. Оны қабылдау да оңай болады", - деп атап көрсетті Тілешов.

Бұдан бөлек, "ғ" - "gh", "ч" - "ch", "ш" - "sh" және "ж" "zh" болып белгіленеді.  Ал "ц", "в", "ф" сияқты қазақ тілінің дыбыстық жүйесінде жоқ дыбыстарды мүлдем алып тастау туралы ұсыныс болған.

Дереккөз: Қазақпарат

Пікір қалдыру үшін әлеуметтік желі арқылы кіріңіз

     

Пікір  

Ая
0 Ая 17.11.2017 14:49
Мен жаңалықтарға қарсы емеспін, бірақ дәл осы əріптен басқа мәселе жоқтай жұртты алдап соқпақ. Жетімнің басын сипап, жесірін жылатпай, елдің қамын ойламай ел болмаймыз... Күйдіргілер ай
Қақабай
0 Қақабай 01.11.2017 23:14
Қазақша соилегенимиз былай тұрсын, қазақша жазудыда умытатын болдыккои
Қақабай
0 Қақабай 01.11.2017 23:12
Қазақ тилин билмеим жүрген қазақ депутаттарға қиын болдыгои
Айша
0 Айша 28.10.2017 14:01
(Э) əрпін қалай жазамыз?
Даурен
+1 Даурен 07.10.2017 12:38
Латын алфавитін бір әріп бір дыбыс принциппен пайдалану керек.Велесипедті ойлап табудың керегі жоқ.Латынның 26 әріпінде жоқ қазақ әріптерін Ә.І.Ң.Ұ.Қ.Ө. тиісінше латынның A.I.N.Y.K.O. әріптеріне (;) (/) таңбаларын қосып жазса болып жатыр.Мысалы, Сәбіз--Sa/biz немесе Sa;biz
Балжан
0 Балжан 03.10.2017 17:46
Қазақ тілін құртып, латын әрпін енгізуге қарсымын.Не деген сұмдық.Ана тілімізге әрең жеттік деп ойласақ,өз болашағымызға балта шаппайық.
Beka
+1 Beka 29.09.2017 14:13
Бардак ае ое деген далбасағой
Ayaulym
0 Ayaulym 17.09.2017 15:44
«Я» әріпі қалай жазылады сонда?
Мадина
0 Мадина 13.09.2017 09:39
"ц" "в" "ф" - ариптерин алып тастаса,цирк,вагон,Фрида,фантомас т.д баска создер калай жазылмак?Казак алфафитин ауыстырмай,сол калпында калдыру керек.Кужат,коше,кала аттары,витрина,китаптар т.д.б латын арипине коширмелерге,оте коп каржы шыгындалады.Одан да сол акшаша ауа тазартатын мунара орнатса адамдаргдын ден саулыгына пайдасын келитирерин еди.
Бакыт
0 Бакыт 12.09.2017 19:02
Мынау əріптер өзгергенде таза ағылшын əрпін атап тұр ғой мысалы"sh" ағылшынның "ш" деген əрпі. Латын əліпби деп жүргенде таза сауатсыз боп шықпасақ болды. Себебі қазақ тілі күні бүгінге дейін (қ,ғ,ұ,ү,ң,ə,і) дұрыс жазылмай сынға қалсада түзете алмай жүргендер енді тіпті сауатсыз боламыз да басқа не болуы мүмкін.
Sultan Janbolat
0 Sultan Janbolat 12.09.2017 15:22
Muratting eki usynysy oete duris. Sh degenning ornina X alynywy paidaly.Ae,Or,Ue dgenderding ornyna A', O', U' dei salsaq ta bolwshy edi.
алфавит
0 алфавит 12.09.2017 13:18
Zharashan - Жарасхан дегенді Жарашан деп оқитын боламыз
алфавит
0 алфавит 12.09.2017 12:50
аshana - асхана деген сөздің орнына ашана болып шығады екен
алфавит
0 алфавит 12.09.2017 12:46
егер ж" әрпі zh болып белгіленсе , намазхана деген сөзді қалай оқимыз? namazhana , ол "намажана" болып шығады ғой
алфавит
+1 алфавит 12.09.2017 12:40
ц, ф- да алынбаған, ендеше неге алынып тасталды деп жазасыздар
алфавит
+1 алфавит 12.09.2017 12:40
"в" әрпі алынбапты ғой
Murat Tuerkistan
0 Murat Tuerkistan 11.09.2017 19:07
қазақ тілінде қысқа Й әріпін қолданудың еш керегі жоқ, сол себепті Ж дыбысын Jj әріпімен өзгертсе дұрс болады деп ойлаймын.
Ц (С) дыбысы ( әріпі) тек Ч дыбысын жазу үшін керек болса С қазақ әліпбиінде Ч болып оқылсын.
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

DivideGroup — сайт әзірлеуші

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

    Яндекс.Метрика