Астана етікке жарымаған етікшінің күйін кешіп отыр

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

24.10.2017, 09:17

Астана етікке жарымаған етікшінің күйін кешіп отыр

Биыл жаз бойы дүркіретіп ЭКСПО көрмесін өткізген Астана етікке жарымаған етікшінің күйін кешуде. "Болашақ энергиясы" тақырыбында халықаралық көрме өткізіп, күн мен судан, жел мен қидан энергия алмақ болған біздің билік енді бір ғана Астананы көгілдір отынмен қамтамасыз ете алмай отыр. ЭКСПО көрмесін өткізуге әбден "шашылса" керек, газ құбырын тартуға қаражат жоқ дейді үкіметтегілер. Күннен энергия алу былай тұрсын, дәл қазір қазақстандықтар не бензинге, не көмірге жарымай отқаны мәлім.

Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, Қазақстанда көгілдір отынның қоры өте көп. Ішкі сұранысты толық қамтамасыз етіп, енді оны шетелдіктерге де сатып жатыр. Мәселен, жылына 50 млрд текше метр газ өндірілсе, соның 13 млрд-ы ғана ішкі нарыққа, қалғаны экспорта кетеді екен. Дегенмен, биылдан бастап экспорт көлемі артады дейді министр. Өйткені, Қытаймен келісімшарт жасалған. Қазақстандық газдың басым бөлігі сол шығыстағы көршіге сатылмақ.

Жалпы, Астананы газдандыруға 266 млрд теңге қажет. Ал, "болашақ энергиясына" қарық боламыз деп өткізілген ЭКСПО көрмесіне ресми түрде 1,8 млрд доллар (шамамен 605 млрд теңге) жұмсалған болатын. Ал, кейбір ресейлік сайттар мен Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың айтуынша, Қазақстан ЭКСПО-ны өткізу үшін 3 млрд долларға шығындалыпты. Бұл дегеніңіз 1 триллион теңге.

Енді болашақта не боларын болжау қиын, алайда дәл қазір Астанада "болашақ" энергиясының иісі де сезілмейді. Есесіне, көмірдің иісіне тұншығып жүрген тұрғындар көп.

Пікір қалдыру үшін әлеуметтік желі арқылы кіріңіз

     

Пікір  

Роман
+2 Роман 24.10.2017 11:54
Сөз жоқ....масқара
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

DivideGroup — сайт әзірлеуші

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

    Яндекс.Метрика