ЭКСПО құрылысшылары әлі күнге жалақыларын ала алмай жүр (ВИДЕО)

23.11.2017, 10:19

ЭКСПО құрылысшылары әлі күнге жалақыларын ала алмай жүр (ВИДЕО)

Мамыр айынан бері айлықтарын ала алмай жүрген құрысшылар осымен оныншы күн қатарынан «Эстетика мрамор» компаниясының есігін тоздырған. Мекеме болса, бар кінәні ақша аудармай отырған «Сембол» басшылығына артып отыр, деп жазады azattyq.org порталы.

ЭКСПО көрмесінде жұмыс істеген құрылысшылардың бірі – Мүслім Нұриддин. 18 жастағы жігіт Астанаға қызық қуып емес, қыстың қамымен келгенін айтады.

«Үйдегілерге көмір алу керек. Астанға жұмыс істеу үшін келеміз бәріміз. Ойнап күлу үшін емс. Мына ЭКСПО-ны көру үшін емес», – дейді Мүслім.

Бұл бір Мүслімнің басындағы жағдай емес, біразы жұмысты жарты жолдан тастап кеткен. Тек сабыр еткендері ғана әлі күнге жасаған еңбектерінің ақшасын алуға үмітті.

«Компанияға келіп жүргенімізге он күн болған шығар. Әр түрлі сылтау айтады. Келісімшартқа қол қойған адам, «менің рұқсатымсыз ақша берілмесін» деген адам келіп-кетіп қашып жүреді. Ұстай алмай қаламыз. Атын білеміз. Шабан. Түркияның азаматы», – дейді жұмысшы Кәлімжан Сұлтанқұлов.

Ал, өзін «Эстетика Мрамордың» есепшісімін деп таныстырған Шынар «Сембол» құрылыс компаниясының «жұмысты дұрыс аяқтамадыңдар» деп бар бәлені құрылышсыларға аударып отырғандарын айтады.

«Сембол» бізге ешқандай ақпарат бермей отыр. Ақша аудармай отыр. Сол үшін біз де жалақыларын бере алмаймыз. Олар төлесе, біз де айлықтарын үлестіреміз бәріне. Мамыр айынан бері ақша жоқ әлі», – дейді есепші.

«Сембол» компаниясының қаржы директоры Хайраддин болса, «біздің ішкі мәселемізге араласпаңыздар» деп жауаптан жалтарып отыр. Ал, жалақы ала алмай жүрген жұмысшылар бұл істің соңына жетпей қоймаймыз дейді.

Медиа

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші