Заңгер "Тұрғынүйқұрылысжинақбанктің" халықты қалай алдап келгенін әшкереледі (ВИДЕО) - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

20.11.2016, 01:38

Заңгер "Тұрғынүйқұрылысжинақбанктің" халықты қалай алдап келгенін әшкереледі (ВИДЕО)

Заңгер "Тұрғынүйқұрылысжинақбанктің" халықты қалай алдап келгенін әшкереледі (ВИДЕО) Dixinews.kz

Қоғам белсендісі Ермек Нарымбаевтың әйелі, заңгер Зоя Нарымбаева "Қазақстан Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" АҚ-ның халықты алдап келгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, банк ипотекалық пайызды есептегенде қулыққа басып, салымшыларды кенедей сорып келген екен.

Заңгердің видео-мәлімдемесі әлеуметтік желілерде жарияланды. Оның сөзінен ұққанымыз, аталған банк өзі берген несиеден бөлек, салымшының жылдар бойы жинаған ақшасынан да пайыздық мөлшерлеме алатын көрінеді.

Мәселен, сіз 20 миллион теңге тұратын үйді алу үшін 10 миллион теңгені 3 жыл бойы депозитте жинайсыз. Ал, қалған 10 миллион теңгені сізге "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" несиеге береді. Ақылға салсақ, банк өзінің берген 10 миллион теңгесіне ғана пайыздық мөлшерлеме алуы тиіс. Алайда, заңгердің сөзіне сенсек, банк үйдің толық құнына, яғни салымшының жинаған ақшасына да пайыздық мөлшер алып отырған. Бұл дегеніңіз халықтың көзін бақырайтып қойып тонау деген сөз, әрине егер видеодағы мәліметтер шындыққа жанасса.

Егер аталған жайт расымен дәлелденсе, бұл биліктің халықты қанаудағы кезекті құйтырқы әрекеттерінің бірі. Өйткені, "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" АҚ тұтастай "Бәйтерек" Ұлттық холдингінің қарамағында. Яғни, ол "Қолжетімді баспана-2020" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырып отырған жалғыз қаржылық мекеме.

Бұған дейін "Бәйтерек" холдингін басқарып, қазір Ұлттық экономика министрі лауазымында отырған Қуандық Бишімбаев орын алған бұл жайттан бейхабар болуы мүмкін емес. "Бәйтеректің" қазіргі басшысы, экс-министр Ерболат Досаев та білікті экономист, ол да "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің" пайыздық мөлшерлемесін жақсы біледі. Алайда, екеуі де халықтың емес, банктің жағында сияқты, яғни банктің құйтырқы әрекетіне көз жұма қарап отыр.

Медиа

Пікір  

+ +3 Бауыржан 20.11.2016 10:56
Оны сы рас неге олай деп банк кызметшісінен сурасаныз біз жүз пайыз акшаны толейміз ал сіздің акшаныз біздің төлеген акшанын жарты сумасын төлеген болып саналды деп тусіндірет.
Жауап беру
+ +14 Дана 20.11.2016 12:05
Мыналары маскара енды.онсызда халык сонгы тиынын берип жинап отыр.кашан халыкка жандарын ашиды екен.
Жауап беру
+ -3 Бота 20.11.2016 12:06
Өтірік жаза бермендерші. Журналист жазбай тұрып банктен біліп алсай банк талаптарын. Жинак банкі болған соң жинаған клиенттерге ғана қалған суммага 5% несие береді. Комерциялық банкті жағалап депозитінде жинап, тиімлі болғансоң Жилстройга келеді тағы. Сол коммерциялық банкте кала бермеді ма. Жилстрой дұрыс жасайды. Тек өз клиенттеріне ғана 5%несие беру керек.
Жауап беру
+ -2 Болат 20.11.2016 18:53
Дурыс айтасыз
Жауап беру
+ +1 Алтынай 20.11.2016 12:06
Жок бул аралык заем гой,мунда жинамай кутпей алган жагдайда озинин де 50% на пайыз толейди,сосын жартысына толеуге ауысады.Сондыктан жинау тиимди.
Жауап беру
+ -3 сона 20.11.2016 14:13
200 доллар айылык алады биздин сорлы ,200 мын доллар кредитка басын тагыды . Сол керек ,даже и не жалко,бабы ненасытные нонче ,мужик за долги сядет ,а баба хвостом вильнёт и поминай как звали
Жауап беру
+ +3 Даулет 20.11.2016 15:25
Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы N 110 Заңы. Банктің заңмен бекітілген талаптары. Заңгер болса оқымайды ма? Журналист беталды жаза бермей зерттеп жазыңыз
Жауап беру
+ +1 Шырын 20.11.2016 16:12
Жакында гана буларга тіркелдік енді булары отирикпа.онбагандар 11000 тенгеге 7 жылга депозит аштык енди не істейміз.
Жауап беру
+ +4 Серік 20.11.2016 18:04
Менде бұл банктің салымшысы болдым. Бір жыл жинап болғасын осылай екенін білдім ақшамды дер кезінде шешіп алдым. Банктер елден пайда таппаса жумыс жасамайды.
Жауап беру
+ -1 А... 21.11.2016 03:11
Сізге косылам
Жауап беру
+ +1 Аноним 20.11.2016 18:51
бизде семейный пакет аштык жаквнда 11 мвн енд калай бллар екен??
Жауап беру
+ +3 777 20.11.2016 20:44
Отирик дейн десем тура осы маселени депутат котерди емес па мажилисте..?! Бостан боска шыгып откан ангиме емес.
Жауап беру
+ -1 Айка 20.11.2016 23:29
Халык надандыгы соншалык, колына берген келисим шартты окымай кол кояды! Окыныз десе де окымайды, уакыттары жок, бир шартпен келиспеу немесе озгерис енгизу туралы тапихтарында брлмаган кубылыс сиакты. Сауапжуриндер солай ит пен мысыкка жем болып.
Жауап беру
+ 0 Бакыт 20.11.2016 23:51
Дурыс, жилстрой баягыда сондай есеп пен жумыс истеп жатыр, бурын нан банкта истейтин жолдасымыз айтты, банктер оз пайдасына гана истейт. Бир амал гана бар, Акша жинап, кредит алмай шешип алуга акшамызды
Жауап беру
+ 0 Назгуль 21.11.2016 00:01
Шынымен солай, бирак барибир баска банктерге караганда ипотека алу едауир тиимдирек
Жауап беру
+ 0 Аноним 21.11.2016 01:38
Мына журналистин айтып отырганы ащы шындык.Егер салымшы болсан баспен ойла,ЖССБ банк сени конкретно тонап отыр.Отирик деп бос соз жаза бермей,есепте
Жауап беру
+ +1 888 21.11.2016 02:38
Еліміздегі барлық 2- деңгейдегі банктердің пайыздық үстемесі өте қол жетімсіз, бұл біздің экономикамыздың тұралауына әкеп соқтыратын ең негізгі фактор !
Жауап беру
+ -1 Диди 21.11.2016 10:07
Бишімбаев осы видеоға түсініктеме берсін!
Жауап беру
+ 0 Zhumagul.tulegenova 21.11.2016 11:40
Бір танысымның қызы Астана қаласынан осы банк арқылы пəтер алыпты. Пəтер құнының елу пайызын банканың счетына аударып, пəтер бағасының қалған елу пайызын банк берген. Хош дейік, шарты солай. Бірақ, мені таң қалдырған нәрсе банк үстемесін (процентін) өздері берген елу пайыздан ғана емес, пəтер сатып алушының салған ақшасынан да пайыз төлеттіреді екен. Сонда сен өз ақшаңа өзің процент төлейсін. (Олар пəтер құнының елу пайызын қарызданып қауғаланып тапқан, əйтеуір)
Бұл не сұмдық деп таңқалдым. Жақын арада біздің елімізде бұл түрімізбен баспана мəселесі шешіле қоймас.
Қайдааам деп отырушы еді баяғыда, апаларымыз.
Жауап беру
+ -1 Дина 21.11.2016 11:40
Соны енди билип пе екен банк ашылганнан бери осы системамен жумыс истеп келеди гой. Озимиз жинаган акшадан да процент толетеди
Жауап беру
+ -1 Аноним 21.11.2016 11:46
Барибир, баска банктикинен еки есе аз болып шыгады толейтининиз. Бул макаланы баска банктардын тапсырысымен жасаган.
Жауап беру
+ 0 Бек 21.11.2016 14:51
Сонда салған ақшаны шешіп алған тиімді ме?Өз ақшамызға өзіміз пайыз төлесек не пайда?
Жауап беру
+ +1 Ерболат 21.11.2016 19:51
3,6 жыл жинау керек , сол жағыдайда БАНК берген ақшасынан ғана 5 процент ұстайды.. ХАЛҚЫМ..
Жауап беру
+ 0 Ануарбек 21.11.2016 20:19
16500000 тг акшага кез келген уйдi алуга боладыго доллар курсы 120 дан болды
Жауап беру
+ 0 н 21.11.2016 22:57
они кому как делают
Жауап беру
+ 0 калдан 22.11.2016 21:42
байтерек корынан коп акша шыгару жане халактан коп акша алу ушин жасалган бирлдескен арекет деп есептеймин егер рас болса
Жауап беру
+ 0 Галина 23.11.2016 09:44
Так оно и есть ! Очередной обман!
Жауап беру
+ 0 аа 24.11.2016 11:49
бул сұмдық қой, енді кімге сенеміз
Жауап беру
+ 0 Жанат 24.11.2016 15:02
Енди тексеретин шыгар елди шулатпай
Жауап беру
+ 0 Жанат 24.11.2016 15:03
Пусть договора переделают
Жауап беру
+ 0 ЛӘЗЗАТ 29.11.2016 11:00
АЛАЯҚ МЕНЕДЖЕРГЕ ТҮССЕҢ СОЛАЙ БОЛАТЫН ШЫҒАР,
Жауап беру
+ 0 каир 03.12.2016 22:49
Бұл туралы мәселе біздеде бар кімге шағымдануға болады
Жауап беру
+ 0 нурик 04.12.2016 17:18
заманын тулки болса, тазы боп ал.
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші