И.Тасмағамбетов қазақ тілі жайында пікірін білдірді - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал
Пятница, 02 декабря 2016 10:33

И.Тасмағамбетов қазақ тілі жайында пікірін білдірді

«Қазақ тілі – халықтың жаны» - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов Астанада өткен Республикалық жастар Форумының пленарлық отырысында қатысушылар еліміздегі үш тұғырлы тіл саясатына қатысты пікірін сұрады.

Вице-премьердің айтуынша, орыс тілі кешегі отаршылық заманнан бастап қанымызға сіңген тіл. Ол халқымызға әлемнің білім есігін ашқан тіл. Сондықтан, бұл бәрімізге түсінікті нәрсе. «Ал, ағылшын тілі бұл болашақтың тілі. Жалпы техника, технология, өркениеттен қалмаймыз десек, міндетті түрде ағылшын тілін білуіміз керек. Бұл тіпті шартты түрде білуіміз керек. Оны біреу түсінуі мүмкін, біреу түсінбеуі мүмкін. Бірақ жастар, сіздер шетте оқып келген жастар, басқа мемлекеттерде тіл мәселесі қалай дамыды, зерттеу жұмыстары, технологиялар, тағы басқамен танысып келген жастар оны білесіздер, түсінесіздер. Сіздер қолдайсыздар деп білемін», - деді Иманғали Тасмағамбетов үштұғырлы тіл саясатына қатысты жауабында.

Вице-премьер тіл саясатына келгенде өзекті болып отырған мәселе – ол ана тілінің дамуы жөнінде екенін айтты. Ол осынау 25 жылдың ішінде Елбасының тапсырмасы бойынша үкімет қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту үшін біршама жұмыстар атқарғандығын атады.

«Біріншіден, заң қабылданып, қажетті қаражат бөлінді. Мамандар дайындалды. Бүгінгі күні қарап отырсаңыздар, Парламенттегі жаппай жиындардың барлығы қазақ тілінде өтеді. Үкіметтің мәжілісі қазақ тілінде өтеді. Бірақ, бір нәрсе түсініксіз. Біз осы күнге дейін, қазақ тілі өзге емес, өзімізге керек екенін түсінбей келеміз. Жалпы қазақ тілі деген халықтың жаны. Бұдан артық айта алмайсың», - деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов.

И. Тасмағамбетов жиналған жастарға тіл мәселесі көтерілгенде Елбасының 25 жыл бойы айтып жүргені – ол ең алдымен «қазақтың қазақпен қазақша сөйлесуі» екенін айтты. «Міне мәселе осында. Біз өз тілімізді өзіміз құрметтесек, біз оған шын мәнінде жанашырлық білдірсек ғана тілдің болашағы болады. Тіл бар жерде қазақ бар. Тіл жоқ жерде қазақ жоқ. Сондықтан тіл мәселесіне келгенде бар сенетініміз – жастар, сіздер», - деп қадап айтты Иманғали Тасмағамбетов.

Пікір  

+ +1 Бакыт 04.12.2016 15:05
Қазақ қазақпен сөйлесу деген басты мəселе мен бұны қолдаймын. Қазақ қазақпен қазақ тілінде сөйлесе алмаса тіліміздің ешкімге керек емесі анық.
Жауап беру
+ 0 ару 05.12.2016 11:58
менде колдаймын
Жауап беру
+ 0 Амангелді зейнеткер 05.12.2016 16:13
Тіл туралы туралы сөз бола қалса жанды жерімізге тиеді.Ақпарат беттерінде жазылып та,айтылып та жатыр."Қасқырға айқайлай,айқайлай ұятты болдық" депті ғой бір пақыр.Сол сияқты жұмсақ жерде отырған шенеуніктер 25 жылда 25 қазақ сөзін үйренуге тиісті еді,оны көре алмадық.Тіл туралы қатаң заң керек,оны міндеттеу керек.
Сонда ғана ана тілімізді өз тұғырына көтереміз
Жауап беру
+ 0 Төлеген есепші 06.12.2016 11:03
Мемлекеттік органдардың көбінде хаттар бастапқыда орысша жазылып, кейін аудармашы қазақшаға қалай болса солай аударады, қазақшаны оқысаң түсінбейсің. Хатты бастапқыда жазған адам қазақша жазса түсінікті болар еді
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

Санат

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші