Бүгінгі сөз

В свете острой критики деятельности министерства здравоохранения Казахстана в области профилактики онкологических заболеваний Елжан Биртанов опубликовал на своей странице в Facebook ссылку на статью «Казахстанцы обращаются в больницы уже с запущенной стадией рака».

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының кириллицаны латыншаға көшіретін сайт жасауға 56 миллион теңге бөлеміз деуі қоғамда айтарлықтай шу туғызды. Отандық IT-мамандары мұндай сайт жасау үшін әрі кетсе 1-2 миллион теңге шығын кететінін айтып, министрден мұндай бассыздыққа бармауын сұрап отыр. Тіпті, қажет болған жағдайда мұндай конверторды тегін-ақ жасап беруге әзірміз дейді олар.

Оралдағы орта мектептерде оқитын төрт оқушының ата-анасы қыздарының білім мекемесіне орамал тағып бару құқығы үшін сотта күресіп жатыр деп жазады centralasian.org. Бұл туралы ата-аналардың мүдделерін қорғаушы Арман Әбдірәшит хабарлады.

Понедельник, 06 ноября 2017 12:16

Қазақстан халқы қартайып келеді

Қазақстандағы қартаю көрсеткіші өсіп жатыр. Бұл туралы Ranking.kz сарапшылары жүргізген зерттеуден кейін белгілі болды деп жазады Tengrinews.kz. Сарапшылардың мәліметінше, соңғы екі жылда (2015-2016 жылдары) елімізде әрбір 100 балаға жасы 65-тен асатын 26 адам келген (индекс - 25,9).

Бұған дейін еліміздің бірнеше басылымында Шыңжаңдағы қазақтар Қытай билігінен қысым көріп отыр деген ақпарат тараған болатын. Бұл мәселе биыл Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында да көтерілген. Ал, бірнеше күн бұрын бұл мәселені Сенат депутаттары көтеріп, Сыртқы істер министрі мәселені тексеруге уәде берді. Ал, енді бұл жайтқа қатысты Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Ханьхуэй жауап берді деп жазады Tengrinews.kz.

Жуырда ғана танымал әнші Алтынай Жорабаева тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы мен оның «Тікелей эфир» атты бағдарламасын жеке отбасылық өміріме қол сұқты деп айыптаған болатын. Енді шымкенттік заңгер әрі блогер Айгүл Орынбек те Ләйләнің екіжүзділігі туралы айтып отыр.

Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры «Жаңа әліпби - Рухани жаңғыру бастауы» атты сарапшылар форумында бекітілген әліпбиге қатысты өз пікірін білдірді деп жазады «ҚазАқпарат».

Ақтөбе облысында исламның дәстүрлі емес салафизм ағымын ұстанушылардың көп екенін дін мамандары бұған дейін талай айтқан. Енді қазір осы "діндарлар" мектеп мұғалімдерінің басауруына айналып отыр деп жазады Aktobenews.kz.

Биыл жаз бойы дүркіретіп ЭКСПО көрмесін өткізген Астана етікке жарымаған етікшінің күйін кешуде. "Болашақ энергиясы" тақырыбында халықаралық көрме өткізіп, күн мен судан, жел мен қидан энергия алмақ болған біздің билік енді бір ғана Астананы көгілдір отынмен қамтамасыз ете алмай отыр. ЭКСПО көрмесін өткізуге әбден "шашылса" керек, газ құбырын тартуға қаражат жоқ дейді үкіметтегілер. Күннен энергия алу былай тұрсын, дәл қазір қазақстандықтар не бензинге, не көмірге жарымай отқаны мәлім.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев бүгін журналистермен өткен брифингте былтыр өңірде болған халық көтерілісен қатысты сұраққа жауап берді. Сол митингтен кейін Н.Ноғаев көтеріліске шыққандардың ешқайсысы жазаланбайды деп уәде берген болатын. Алайда, артынша қоғам белсенділері Макс Боқаев пен Талғат Аян ұзақ мерзімге сотталды. Әкім болса ешкімді алдамағанын, өз сөзінде тұрғанын шегелеп айтты.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші