Бүгінгі сөз

Бозымбаевтың бензин бағасына қатысты болжамы жалған болып шықты. Сол Энергетика министрінің орынбасары жанармай құны жақында 165 теңге дейін қымбаттайды деп, басшысының сөзін жоққа шығарды. Әйтпесе, алдағы уақытта бензин бағасы 161 теңгеден аспайды деп Қанат Бозымбаевтың сендіргені күні кеше ғана болатын. Министрге қарағанда вице-министр сөзінің жаны бар. Өйткені, қазірдің өзінде елімізде  жанармай құю бекететрінде АИ-92 маркалы бензин 158-160 теңгеден сатылуда деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Қазақстанда халық саны 2017 жылғы 1 қыркүйектегі есеп бойынша 18 074,1 мың адамға жетті, 2016 жылдың 1 қыркүйегімен салыстырғанда 232,5 мың адамға көбейіп, өсім 1,3%-ті құрады деп жазады «ҚазАқпарат» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Танымал саясаттанушы Досым Сәтпаев Еуразиялық экономикалық одақтың жұмысын тоқтататын уақыт келді деп есептейді. Өйткені, Одақтың негізін қалаушылар өздері ойлап тапқан талаптарды орындамай отыр дейді ол. Бұл туралы сарапшы өзінің Facebook-парақшасында жазды.

Елбасы Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады. Кездесуде Мемлекет басшысына жанар-жағармай нарығындағы қазіргі ахуал мен мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту барысы жөнінде мәлімделді деп жазады Ақорданың ресми сайты.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Арал қаласының тұрғыны — 2-сынып оқушысы Нұрсұлтан Жақсыгелдиевтің арманын орындады. Қазан айының басында Қызылордаға жасаған сапары барысында Мемлекет басшысы жергілікті жастармен және балалармен әңгімелескен болатын. Сол кезде кішкентай Нұрсұлтан Астананы өз көзімен көргісі келетінін Елбасыға айтқан екен. Енді аралдық баланың осы арманы орындалып, кеше ол отбасымен бірге Астанаға қыдырып келді.

Шымкенттің сот орындаушылары «сыра королінің» соңғы үйін тәркіледі. Десе де, әкесінен қалған қара шаңырақтан Төлешовтың үлкен ұлы мен бәйбішесі дымын қалдырмай сыпырып әкеткен екен. Кезінде күнгейдің ең бақуатты әулеттерінің бірі тұрған ғимараттың іші қазір «жылан жалағандай» деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Понедельник, 11 сентября 2017 15:09

Жаңа латын әліпбиінде қазақша әріптер жоқ

Жаңа латын әліпбиіндегі қазақтың төл әріптерінің орнын қосарланған әріптер басады. Айта кетейік, бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде Шаяxметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық орталығының директоры Ербол Тілешов латын әліпбиінің бірыңғай нұсқасын таныстырған болатын.

Кешегі сақ заманынан бүгінгі бақ заманына «мың өліп, мың тіріліп» жеткен халқымыз осы уақыт аралығында жойылып кетуден басқаның бәрін көрді. Біздің бұл сөзімізді тарихшылардың көбі растайды. Тек жер бетінен ада-күде жойылып кетуге тиіс болған халықтың қалай аман қалғанын ғана әлі күнге дейін ешкім нақты түсіндіріп берген емес. Белгілісі ғасыр сайын жан құрбандық беріп жүріп, осы күнге есен жеткеніміз.

Еліміздің бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов биыл 21 қыркүйек күні түрмеден босатылатын болды. Оның түрмеге қамау жазасы бостандығын шектеу жазасына алмастырылмақ деп жазады Today.kz сенімді дереккөздеріне сілтеме жасап.

Оңтүстік Қазақстан облысы қыздардың ерте жүктілігі бойынша республикада алаңсыз көш бастап келеді. Жыл сайын өңірде шамамен 600-800 жеткіншек мектеп қабырғасында жүріп-ақ жүкті болады екен. ОҚО Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекованың айтуынша, ерте балалы болатын қыздардың басым бөлігі өңірдегі өзге диаспора өкілдерінің қыздары көрінеді.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші