Бүгінгі сөз - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Бүгінгі сөз

Четверг, 19 февраля 2015 13:40

Кімбіз, қайда бара жатырмыз?

Бабалар мәнін болжаған дүние – жалғанның өнер атаулыға өзек болмаған кезі жоқ-ты. Әсіресе, әдебиет атты алып дария адамзаттың кермек жасымен бір толып, бір ортайып, өзінің мәңгілік ағысын қалыптастырғалы қашан. Далалар төсінде аспанға бой созған көк мәрмәр тасқа қашалған түркінің шерлі шежіресі немесе «он сан Ноғай бөлген, Ормамбет би өлген күннің», иә болмаса «мына заман қай заманның?..» «шырылдаған сәбидей мазамызды алатыны» – көз жаспен суарылған көркем тілдің кереметі емес дей ме?.. Мұнан кейінгі кестелі сөздегі бейнеміз айтатыны жоқ, онан бетер айқын. Бұл бізге тиесілі тағдыр-талайдың тасқа басылғаны.

Шығармашылық адамдары арасындағы пікір алауыздығы, дүниетаным қайшылығы қалыпты жағдай болып қабылданады. Бірақ кейде екі адамның арасындағы жай ғана көзқарас келіспеушілігінен туған реніш бітімсіз күреске ұласып, болымсыз пенделік өкпенің өмірлік жауласуға дейін жетелеп кететіні бар. «Қане, қайда?» дейтін емес, маңайымызда мың мысалы толып жатыр.

Вторник, 17 февраля 2015 11:57

Ойландырмау ойыны

Русь қоғамының ел болғалы ермек еткен бір қағидаты –  қолдан құдай жасау технологиясы. Патшалық Ресейдің дінмен не үшін араз болғандығын енді түсінген шығарсыз. Себебі нағыз Құдай тұрғанда жасанды құдайларға сірә да орын жоқ. Діннің  танымдық ( «Таухид» (Аллаға серік қоспаудың)  негізгі мақсұты да осы-тұғын.

Понедельник, 16 февраля 2015 15:09

Бүгінгінің зиялысы кім?

Қабырғадан қойылған қиын сұраққа абдырап қаларың анық. Сосын ойдағы есімдерді (зиялыға балаған адамдарды) он саусаққа толтыра алмай пұшайман халге түсесің. Біз ойлаған сол есімдер көрнекті жазушы, керемет ақын, тамаша әнші, беделді саясаткер, жақсы экономист, дарынды дәрігер болуы бек мүмкін. Бірақ ЗИЯЛЫ емес. Өре түрегелетіндерге өкпеңді бас, «түсінші сыртын қойып сөздің ішін» дегіміз келеді.

Бізде 130-дан астам ұлт бар дейміз, көп ұлтты мемлекетпіз деп лепіреміз. Бірақ, бір ғана кіндік ұлт бар екенін, қалғаны диаспора болып табылатынын, мемлекет бір ұлтты екенін, тек Қазақстан қоғамы ғана көп ұлтты екенін елей бермейміз. Тіпті, диаспораларға екпін қоя отырып, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» деген атынан ат үркетін орган да жасап қойдық. Әу баста қоғамдық ұйым етіп құрылған Ассамблеяны қызды-қыздымен Парламенттің төрінен бір-ақ шығардық. Ол аздай, заңға қайшы болса да, Ассамблея мүшелеріне сайлау науқанында екі дауысқа ие болатындай құзыретті тағы бердік.

Воскресенье, 25 января 2015 10:10

Бассыз телеарна

Буыны бекіп үлгермеген «Kazsport» телеарнасының басшысыз жұмыс істеп жатқанына үш айдың жүзі болыпты.

Маң­ғыстаудың жер қазынасының арқасы болса, екiншiден, сол қазынаны өндiрген қарапайым маңғыстаулықтардың еңбегi.

«Тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр». Платонның өз замандастарына айтқан бұл сөздерін кейінгі өскелең ұрпақ есте ұстап, ұмытқан емес.

Четверг, 16 октября 2014 09:40

ПАРА... ТАБА... ТОБА...

Шымкент қаласындағы №68 орта мектептің бұрынғы директоры Клара Нұрбекова баспасөз-мәслихатын өткізіп, жұртшылық ондағы сөйленген сөзбен әлеуметтік желілер арқылы танысты.

Нұрбекова не дейді?

Бұрынырақта да айтқанбыз, бүгінде әкімдердің іскерлігі сол өзі басқаратын ауданның немесе облыстың оқушыларының Ұлттық Бірыңғай Тестілеу барысында қанша балл жинағанымен есептелетін болып қалды. Құдайдың мұнысына да шүкір, әншейінде анау-мынау жандарыңызды көзге іле бермейтін әкіміңіз соңғы қоңырау аяқтала салысымен-ақ ауылда күніұзақ арақ ішіп жүретін Сәрсенбайлар мен Бейсенбайлардың балаларының тілеуін тілей бастайды. Бір сөзбен айтқанда, әкімнің тағдыры алқаш Бейсенбайдың мұрынбоқ баласының қолында! Сол жүзге жетіп жығылса әлгіні он бір жыл бойы өзі оқытқандай-ақ әкіміңіздің жалы күдірейіп шыға келеді. Елу балл да жинай алмады ма, қасіреттің көкесі осы! Ауданы немесе облысы ҰБТ-дан төмен балл жинаған әкім біліксіз, іскерлік қабілеті төмен, жұмыс істей алмайтын әкім болып табылады.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

Санат

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші