$ 444.32  473.33  4.76

Бортында 25 жауынгер болған американдық тікұшақ апатқа ұшырады

АҚШ-тың Әскери-теңіз күштерінің CH-53E тікұшағы Аден шығанағында апатқа ұшырады. Бортта 25 жауынгер болған, деп хабарлайды «Қазақстан жаңалықтары» Ассошиэйтед Пресс агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Абырой болғанда, қаза тапқандар жоқ, тек әскери қызметшілердің кейбіреуі жарақат алған.

Тікұшақ Mesa Verde десанттық-тікұшақ кемесінің бортына қонбақ болғанда апатқа ұшыраған. Зардап шеккендерге аталмыш кеме экипажы алғашқы медициналық жәрдем берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары