$ 444.32  473.33  4.76

Заманның ақыры қандай болады? (ВИДЕО)

Жер бетінен адамдар бір сәтте жоғалып кетсе не болады? Америкалық энтузиастар дәл осындай жағдай туа қалса әлемнің қалай өзгеретінін болжап, бейнеролик әзірледі. YouTube видеохостингіндегі #Mind Warehous каналында жарияланған осынау бейнематериал National Geographic фильмдерінің кадрларын пайдалану арқылы әзірленген. Оны дайындау кезінде режиссерлар мен сценарий авторлары футуролог-ғалымдармен ақылдасыпты.

Сарапшылардың пікірінше, адамдар Жер бетінен жоғалып кеткеннен кейінгі бірнеше сағаттың ішінде электр энергиясы да қоса жоғалады. Екі күнде метролар мен жерасты нысандарын су басса, бір ай шамасында атом электр станцияларында апаттар орын алады. Ал, Жердегі ең ұзақ сақталатын ғимараттар қатарында Египеттегі пирамидалар, Ұлы Қытай қорғаны және АҚШ-тың Рашмор тауындағы президенттер ескерткіші бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#видео