Дәулет - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Дәулет

Алаш қайраткері, ақын, сталиндік репрессиянығ құрбаны Ілияс Жансүгіровтің абақтыда түсірілген фотосы мен төлқұжатының түпнұсқасы Талдықорғанда Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінің қорына тапсырылды. Құнды жәдігерлер Алматы қалалық Ішкі істер департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің архивінен алынған.

Бүгін Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қызметкерлері Сарыарқа аудының әкімдігімен және «Жас Отан» ЖҚ бірлесе 450 түп ағаш отырғызды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Пятница, 21 апреля 2017 15:03

Сыр елінің сыры сақталған...

Дәл қазіргі сәтте Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында IX Республикалық пән олимпиадасы басталды.

Қарағандылық ерлі-зайыптылар Думан Оспанов пен Зәмзәгүл Мамалинованың отбасында сегізінші сәби дүниеге келді жазады eKaraganda порталы. 7 қыздан кейін туған ұл баланы ата-анасы Нұртілеу деп атапты. Бұл шаңырақтың үлкені 25 жасқа толса, кіші қыз небәрі екіде екен.

Түлкібас ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылында Ғалбият Ғалымның отбасында 8 ұл-қыз өсіп келеді. Оның 30 жастан асқан жас жұбайы – үш рет егіз перзентті дүниеге әкелген батыр ана. Жаста болса батыр ана атанған Ұлбосын Жасымбекованы Түлкібас ауданының әкімі Н.Тұрашбеков арнайы қабылдап, «Алтын алқа» тақты.

Оңтүстік Қазақстан облысында Жусансай деген ауыл бар. Аса үлкен емес. Барлығы 625 шаңырақта 1200-ден астам тұрғын бар. Қызығы сол, мұнда соңғы 8 жылдан бері не арақ, не темекі сатылмайды. Нәтижесінде 7 жылдан бері елдімекенде бірде-бір қылмыс тіркелмеген деп жазады Nur.kz тілшілері.

Алматы облысының Ұйғыр ауданында Африка балықтары жерсіндіріле бастады деп жазады Қазақпарат ақпараттық агенттігі. Тиляпия және африкалық жайын осы ауданда жер астынан шығатын ыстық қайнарларда өсірілуде.

Түбі бір түркі әлемінің жаңа жыл мерекесі саналатын Әз Наурыз Алматы облысында да жоғары деңгейде тойланып жатыр. Талдықорғандағы мерекелік алаңға қала тұрғындарын құттықтауға келген облыс әкімі Амандық Баталов 15 сәбидің тұсауын кесіп, баршасына бақытты болашақ тіледі.

«Байтақ-болашақ» экологиялық альянсы осы жылы Қазақстан бойынша 18 млн көшет отырғызады. Бұл туралы аталған ұйымның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов кеше ғана дүниеге келген өңірдің 2 миллионыншы тұрғыны Нұрсұлтанның ата-анасына жаңа пәтердің кілтін табыстады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Страница 1 из 40

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші