18.09.2017, 09:20

Елімізде Нұрсұлтан Назарбаевты ОҚО тұрғындары қаттырақ жақсы көреді

Президенттің ОҚО-ға сапары Президенттің ОҚО-ға сапары Sputnik Казахстан

Елімізде Нұрсұлтан есімі ең жиі Оңтүстік Қазақстан облысында туылған сәбилерге беріледі екен. Мұнда бүгінде 10 265 тұрғын Президентпен аттас. Осылайша, ОҚО 1991-2016 жылдар аралығында дүниеге келген "Нұрсұлтандардың" саны бойынша республикада көш бастап тұр деп жазады Otyrar.kz.

Ал, Елбасының туған жері Алматы облысының өзі екінші орында. Мұнда 4585 Нұрсұлтан өмір сүреді. 3940 Нұрсұлтаны бар Жамбыл облысы тиісінше үшінші орынға жайғасса, тізімнің төртінші сатысында Қызылорда облысы тұр. Өңірде Президентпен аттас 3081 азамат бар екен.

Ал, Нұрсұлтандардың ең аз тұратын облысы - СҚО. Мұнда олардың саны небәрі 483 қана. Барлығы да тәуелсіздік жылдарында дүниеге келген.

Астанаға келер болсақ, мұнда Мемлекет басшысын қоса есептегенде 2528 Нұрсұлтан бар. Елбасына осынау есімді әжесі қасиетті Құраннан алып қойған екен.

Басылымның хабарлауынша, ешқайда кездесе бермейтін есімдерді де осы Оңтүстік Қазақстан облысынан табуға болады екен. Мәселен, өңірде Елбасы, Бәйтерек, Ақорда, Азиада, Саммита, Астана, Пеле, Марадонна есімді жас тұрғындар бар.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Пікір қалдыру үшін әлеуметтік желі арқылы кіріңіз

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

    Яндекс.Метрика