$ 444.32  473.33  4.76

Алматылық оқушылар А.Байтұрсынұлы мен Д.Қонаевтың музей-үйлеріне экскурсия жасады

Алматы қаласы Алмалы ауданының оқушылары Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы мен Қазақстан Компартиясының Бірінші хатшысы болған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың мұражай-үйлеріне экскурсия жасады.

Аталмыш  іс-шараның  басты мақсаты: Балалардың отансүйгіштік қасиетін арттыру, өз тарихын кеңінен таныстыру арқылы аласапыран жылдарда еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосқан ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының және Д.А Қонаевтың жүріп өткен еңбек жолымен таныстыру, балалардың күзгі демалысын тиімді өткізу болып табылады. Экскурсияға мектеп оқушыларынан бөлек аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан балалар да қатысты.

Шара барысында балалар аса қызығушылық танытып, А.Байтұрсынұлының еңбектерімен танысып, өз білімдерін арттыруға талпыныстарын білдірді. Сонымен қатар Д.А Қонаевтың атқарған орасан зор қызыметімен, өмір жолымен және қалдырған еңбектеріне көзайым бола отырып, аталмыш тұлғалар жайлы  балалар өздеріне көптеген мәліметтер жинап қайтты.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Қазақ елінің дамуына ерекше үлес қосқан аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Ол сондай-ақ, ғылымға да өте жақын болған тұлғалардың бірі. Мұражай Алматы қаласы, Төлебаев көшесінің бойында орналасқан және екі бөліктен тұрады: мұражай-үй және мемориалдық мұражай-пәтер. Мұндағы мұражай-үй дегеніміз Д.А.Қонаевтың өмірі мен атқарған істеріне арналған жеке үй. Бұрын бұл композиторлар үйі болған. Мұражай-үй қазіргі таңда Төлебаев көшесі, 117 мекен-жайында орналасқан.

Мұражай-үй көптеген қызық экспонаттарға толы, соның ішінде, айта келсек, Д.А.Қонаевтың кабинеті – жәдігерлердің толықтай шынайылығыменен ерекшеленеді, оны жабдықтау барысында Қонаевтың  кабинетінде бірнеше рет болған мемориалды тұлғаның замандастары мен достарының көмегі көп болды. Жалпы,  Қонаевтың жеке заттарына жататын дүниелер ерекше қызығушылық туғызады. Бұлар көптеген куәліктер, қаламдар, әшекейлі оттықтардың жиынтығы, қолдан жасалған түрлі пышақтар, лунаход, танктердің сувенирлері. Бұл жастардың үлкен қызығушылығын туғызады. Өйткені қазіргі жастар өте білімдар, әр нәрсеге ерекше қызыға қарайды. 

Экскурсия Алмалы ауданы әкімінің аппараты және Көп балалы отбасы одағының мұрындық болуымен жүзеге асырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары