$ 449.58  486.94  4.86

Жаңа жыл түні Астанада 57 нәресте дүниеге келді

Жаңа жылдың алғашқы күні Астана халқының саны 57 адамға көбейді деп жазады елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Қаланың үш перинаталдық орталығында 57 сәби дүниеге келген. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері хабарлаған.

Сондай-ақ, аталған басқарма мамандарының мәліметінше, жаңа жыл түні елордада 9 адам пиротехникадан зардап шегіпті.

Қаланың травмотологиялық пунктеріне 320 адам жүгінді. Бұған қоса қаңтардың 1 мен 3 аралығында қалалық жедел медициналық жәрдем стансасы 1561 шақыртуға қызмет көрсетті.

Айта кетейік, жаңа жыл түні Астанадағы қауіпсіздік пен тазалық жұмысын қамтамасыз етуге 32 мыңнан астам жұмылдырылған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары