$ 443.85  474.3  4.8

Оралда газ тағы қымбаттады

Бір жарым ай бұрын ғана шарықтаған көгілдір отынның құны бұл жолы 4 теңгеге көтеріліп кеткен деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Яғни, бұған дейін 73 теңге тұрған сұйытылған отынның литрі қазір 77 теңгеден сатылып жатыр. Әзірге, тапшылық байқалмағанымен,  бекеттердегі жаңа баға жүргізушілердің ашуын туғызғаны анық. Өйткені, сұйық отын бұған дейін 5 теңгеге қымбаттаған еді. Жалпы, өңір тұрғындары қыс кезінде 2 жарым мың тоннадан асатын көгілдір отын тұтынады екен. Ал бұған дейін газ құнының көтерілуін көтерме бағаның қымбаттауымен байланыстырған шенеуніктер бұл жолы да сылтау тапты. Айтуларынша, жергілікті мұнай компаниясы өнімге шектеу қойған. Осыған байланысты қазір көгілдір отын еліміздің өзге өңірлерінен жеткізіліп, транспорттық шығындар өскендіктен газ құнының шарықтауына әкеп соққан. Бағаның тағы қымбаттағанынан өздері де есеңгіреп қалған олар мәселені жақын күндері реттейміз деп сендіруде.

Бейімбет МусинБҚО энергетика басқармасының бөлім жетекшісі:

- «Жайық мұнай» компаниясы шектеп отыр осы көлемді облысымызға. Қазіргі уақытта осы газ тасымалдайтын кәсіпорындар басқа өңірлерден газ алып келіп жатыр. Соның себебінен газдың нақты бағасы көтерілуде.Бұл сұрақ алдағы уақытта шешіледі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары