21.03.2018, 11:52

Экономист «7-20-25» бағдарламасы жайында: «25 жылда мемлекет салған үйлер құлап қалады»

Танымал экономист-ғалым Меруерт Махмутова сарапшы Расул Жұмалының «Неге солай?» жобасында қонақта болып, Мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастамасына қатысты өз пікірін айтты. Аталған сұхбат 365info.kz порталында жарияланған.

Маман әсіресе осы 5 бастама аясында айтылған тұрғынүй бағдарламасына күмәнмен қарайтынын жасырмады. Есте болса, Президент Парламент палаталарының бірлескен отырысында «7-20-25» бағдарламасын жариялаған болатын. Яғни, баспанасы жоқ азаматтар 7 пайыздық несиемен 25 жылға ипотекамен үй ала алады.

Меруерт Махмутова, экономист:

– Менің ойымша, бұл бағдарламаның мақсаты – құрылыс компанияларының жұмысына дем салу. Астанада да, Алматыда да тұрғынүйлер көптеп салынған. Бірақ, түнде қарасаңыз көбінде жарық сөніп тұрады, яғни, ешкім ол үйлерде тұрып жатқан жоқ. Себебі халықтың жағдайы жетпейді сатып алуға. Иә, теңге құнсызданғаннан кейін үй бағасы сәл ғана төмендеді. Дегенмен, айлық табысы 200 мың теңге болатын орташа отбасы баспана алу үшін 36 жыл ішпей-жемей ақша жинауы керек.

Ал, 7 пайыздық ипотекаға келер болсам, біздің банктерде мемлекеттің көмегіне сүйенбей-ақ 7 пайызбен несие беретін мүмкіндіктері бар. Бұл біріншіден. Екіншіден, сатып алушы үй бағасының 20 пайызын жинау керек. Мысалы пәтер бағасы шамамен 15 миллион теңге тұрады деп есептесек, клиент 3 миллион теңге жинауы керек. Қазіргі халықтың жағдайын ескерсек, мұны жинау оңайға түспейді. Үшіншіден, 25 жыл деген тым ұзақ уақыт. Білесіздер, біздің мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлер 1 жылдың ішінде сыр беріп, қайта жөнделіп жатады емес пе?! Ал, 25 жылда ол үйден не қалады? Қирап қалады ғой... Сондықтан мен ойландым, осы бағдарлама біздің азаматтарға қажет пе? Мәселен, өзім 1 жылға несие алғам, сол бір жылда банк адамды шаршатып жібереді. Ал, 25 жылда кісілердің қалай қаржы төлейтінін көз алдыма елестете алмаймын. Сондықтан, бұл идея айтқанға оңай әрине, бірақ іске қосу оңай емес, – дейді экономист-ғалым Меруерт Махмутова.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Пікір қалдыру үшін әлеуметтік желі арқылы кіріңіз

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

    Яндекс.Метрика