$ 449.58  486.94  4.86

Жамбыл облысында 7 шенеунік кәсіпкерлердің бизнес жасауына әдейі кедергі келтірген

Жамбыл облысында жеті шенеунік бизнеске кедергі келтіргені үшін жауапқа тартылды, деп хабарлады "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының өңірдегі директоры Мәріпбек Шәкербек.

Оның айтуынша, палатаға бизнесмендер шағымданғаннан кейін жыл басынан бері алты шенеунік тәртіптік, бір шенеунік әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 

"Былтыр Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасына 162 өтінім түскен, оның ішінде 59 өтінім оң шешілді. Кәсіпкерлердің 2,5 миллиард теңгеге мүліктік құқығы қорғалған", — деп жазылған палатаның ресми сайтында.

Кәсіпкерлер палатасы әкімдікпен бірлесіп, сауда орындарының сыртқы сипатына бірыңғай стандарт пен талап қоя отырып, бизнеске көше саудасы үшін  бос орындарды беру бағдарламасын дайындап жатқаны хабарланды. 

Сонымен қатар өңірде коммуникация тартылған орындарды жалға беретін шағын индустриялық аймақ құру мәселесі де талқыланып жатыр.

Дереккөз: sputniknews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары