$ 449.58  486.94  4.86

Ресейлік миллиардерлер бір күнде 12 млрд долларынан айрылды

АҚШ-тың жаңа санкцияларынан ең бай 50 ресейліктің бір күнде 12 миллиард долларға дәулеті кеміді деп жазады centralasian.org.

Санкциялық тізімге енген бизнесмен Олег Дерипасканың дәулеті бір тәулікте бір миллиард долларға кеміген. Оның "Норильский никель" компаниясындағы әріптесі Владимир Потанин да дәл сондай қаржы жоғалтқан. Аталған кәсіпкерлерге тиесілі компаниялардың акция құны айтарлықтай түсіп кеткен. "Қара тізімге" енген Виктор Вексельберг те бір млрд доллар жоғалтқан. Нарықтың құлауынан Сулейман Керимов, Леонид Михельсон, Геннадий Тимченко, Владимир Лисин, Роман Абрамович, Вагит Алекперов және Алексей Мордашов секілді ресейлік кәсіпкерлердің дәулеті кеміген.

Санкция салдарынан ВТБ банкі, "Русал", "Мечел", "Норильский никель" компанияларының акциясы азайды. Әлем нарығында құнды қағаз түскеннен кейін, ресейлік рубль бағамы да бірден құнсызданды. 2016 жылдың тамызынан бері бір еуро 74 рубльге бір-ақ көтерілді. Доллар бағамы да 59 рубльге көтерілді.

Дерипаскаға тиесілі En+ компаниясы да "қара тізімге" енгеннен кейін, директорлар кеңесінің екі мүшесі қызметінен кетті.

6 сәуірде Құрама Штаттар Ресей азаматтары мен жеке компанияларға қатысты жаңа санкциялар енгізді. Бұл шектеулер былтыр Конгресс қабылдаған Америка қарсыластарына қарсы тұру заңына сәйкес болып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары