$ 443.85  474.3  4.8

Елімізде жанармай бағасы арзандауы мүмкін

Қазақстанда бензин жетіп артылады. Бұл туралы ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев Орталық коммуникациялар қызметі брифингінен кейін журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді деп жазады Tengrinews.kz.

"Бензин тапшылығы жоқ. Менің ойымша, бензин бағасы төмендеуі мүмкін, себебі Қазақстанда бензин жетіп артылады", - деді министр журналистер сұрағына.

Еске салайық, былтырдан бері Қазақстанда жанармай бағасы үш рет қымбаттады. Энергетика министрлігі мұны елімізде жанармай қорының тапшылығымен және импортқа тәуелділікпен түсіндірген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары