$ 449.58  486.94  4.86

Сіз сенесіз бе? Қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 152 мың теңгеден асты

Соңғы үш жылда қазақстандықтардың сатып алу қабілеті алғаш рет артты. Жылдық өсім 2% құрады, деп жазады ҚазАқпарат energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

«2018 жылғы I тоқсанның қорытындысы бойынша қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 152,4 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,7% жоғары. Инфляцияны есепке алғанда сатып алу қабілеті жылда 2% артып келеді. Айта кету керек, сатып алу қабілетінің өсімі 2015 жылдың I тоқсанынан бастап бірінші рет тіркелді», - делінген таратылған хабарламада.

Жалақының анағұрлым өсімі Маңғыстау облысында тіркелген: жылына 282 мың теңгеге дейін (+14%). Бұл -  Қазақстан бойынша ең жоғары орташа айлық жалақы. Сонымен қатар, орташаайлық табысы бойынша Атырау облысы (жылына 279,9 мың теңге, +9,2%), Астана (жылына 223,5 мың теңге, +9,9%) және Алматы (жылына 187,8 мың теңге, +4,4%) көш бастап тұр.

Ең жоғары жалақыны қаржы және сақтандыру саласының қызметкерлері (I тоқсанның нәтижесі бойынша 299 мың теңге, өткен жылға қарағанда 2,8% артқан), сондай-ақ ғылыми және техникалық қызметке маманданған тұлғалар (255,1 мың теңге, 7,2%-ға артқан.) алады.

2017 жылдың қорытындысы бойынша елдегі орташа айлық еңбекақы 149,7 мың теңгені (жылына +5%) құрады. Дегенмен, инфляцияны есепке алғанда халықтың сатып алу қабілеті жыл сайын 2,1% қысқарып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары