$ 446.49  475.38  4.79

Еуропалық компаниялар Алматының көлік реформасына қатысуға ниет білдірді

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Еуропалық реконструкция мен даму банкінің бірінші вице-президенті Юрген Ригтеринкпен кездесі. Тараптар мегаполистегі ірі инфрақұрылымдық жобаларды бірігіп жүзеге асыру мәселелерін талқылады деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі күні ЕРДБ экономикалық реформаларды жүзеге асыру мен инфрақұрылымды дамытуда еліміздің жетекші қаржы серіктесі болып табылады. Юрген Ригтеринк өзінің сөзінде ЖРК және ТЭЦ-2 газдандыру сынды жобалардың банктің әлеуметтік және экономикалық бағыттағы стандарттарына сай келетінін айтты.

Мегаполис басшысы көлік жүйесін басқарудың әлемдік жетекшілерінің біріне айналған және қоғамдық көлікті пайдаланудың цифрлы шешімдерінің кең спектрін ұсынатын француздың «Transdev» компаниясы басшылығымен де кездесті.

Латын Америкасы, Оңтүстік Еуропа, Таяу Шығыс пен Солүтстік Африкадағы «Transdev» тобының президенті Бруно Шаррад қаланың көлік реформасын жүзеге асыруға белсенді түрде қатысуға және осы істегі ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.

Айта кетейік, Еуропалық қайта құру және даму банкі бес жыл бойы Қазақстанда жаңа елдік стратегиясын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Ол кәсіпорындарды коммерцияландыруға, шағын және орта бизнесті қолдауға, Жібек жолы бойындағы инфрақұрылымды дамытуға,  жаңартылатын энергия көздеріне инвестициялауға және энергия тиімділігін арттыру жобаларын қолдауға бағытталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары