$ 449.58  486.94  4.86

Шыңғырлауда шырайлы іс көп

БҚО-ның солтүстік-шығысында орналасқан Шыңғырлау ауданы ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы өңір болып саналады.

Сол себепті мұнда мал да өсіріліп, егін де егілуде. Шаруашылыққа ден қойғандардың қатары жыл өткен сайын артып келеді. Мәселен, жыл басынан бері аудан бойынша 21 шаруа қожалығы ашылып, оларға жалпы көлемі 15 гектар жер бөлінген. Кәсібін өрістетіп отырған тағы 18 шаруа қожалығына қосымша 16 мың гектар жер телімдері берілген. Шыңғырлаулық шаруалар биыл 12 мың гектар аумаққа егін егіп, күздік бидай дақылының гектарынан шамамен 19 центнерден өнім алуда. Ірі қара малының саны өткен жылмен салыстырғанда 16 пайызға өсіп отыр. Агроөнеркәсіпті кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы 120 бас ірі қара аналық сатып алынған.

- Аудандағы 14 ауыл шаруашылық кооперативінде 94 бас асыл тұқымды бұқа мен 2762 бас тауарлы аналық бағылуда. Шілде айында «Шыңғырлау-Агро» модульді мал сою пункті іске қосылды. Ендігі кезекте аталмыш мал сою пунктінің базасында бордақылау алаңдары құрылмақ. Сонымен қатар, ақтөбелік «Актеп» серіктестігінен 400-ден астам ангус мал басын алу бойынша келіссөздер жүргізілуде. Жеке инвестициялар есебінен екі мал сою пункті, Ақтау округінде мал кешені салынды. Жалпы алғанда аудан кәсіпкерлері несиелер алып, шаруашылығын кеңейтуде, мал басын асылдандыру жұмыстары да қарқынды. Жаңадан іс бастап, түрлі бағыттағы шаруашылық істерін қолға алған тұрғындар да мемлекеттік бағдарламалардың қолдауын айқын сезініп отыр,-дейді Шыңғырлау ауданының әкімі Альберт Есалиев.

Ернар ХАЙДАР

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары