$ 447.4  477.55  4.76

«Алматы Жастары» бағдарламасы бойынша үй алуға мүмкіндігі бар жас алматылықтар анықталды

Алматыда «2020 жылға дейін жастарға қолдау көрсетудің Жол картасы» аясында жастарға арналған «Алматы Жастары» тұрғын үй бағдарламасының екінші кезеңі өтті. Мұнда 35 жасқа дейінгі жастарға жеке пәтер алу үшін жеңілдетілген заем беріледі деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Тұрғын үй комиссиясының шешімімен бағдарламаға қатысушы 200 адам анықталды, олардың барлығы «Алматы Жастары» бағдарламасының іріктеу шарттарынан ойдағыдай өтіп, «Тұрғынүйқұрылысбанкінің» іріктеуіне ие болды. Осыған қатысты тізім www.almaty-zhastary.kz порталында жарияланды.

«Алматы Жастары» жеңілдетілген несие беру бағдарламасы 2017 жылы басталды. Сол кезде жергілікті бюджеттен 1 млрд. теңге бөлінген болатын. Түскен 6657 өтініштің 108-і тұрғын үй заемдарын алды. 2018 жылы «Алматы Жастары» жеңілдетілген несие бағдарламасын жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен 2 млрд. теңге бөлінді.

«Алматы Жастары» бағдарламасының басты ерекшелігі пайыздық төлемнің төмендігінде, яғни жобаға қатысушыларға жылдық мөлшерлемесі 5% болатын 10 млн теңгеге дейінгі жеңілдікті заем беріледі. Бағдарлама бойынша несиені қайтару мерзімі 3 жылдан 25 жылға дейінгі аралықта төлем қабілетіне қарай жеке жасалады.

Айта кетерлігі, бағдарлама аясында бірінші кезекте жұмыс істейтін жастар ынталандырылады. Қала ұйымдарында жұмыс істейтін жастардың әр жылының өтіліне 1 ұпай есептеледі, ал егер жас адам әлеуметтік салаларда, мысалы мектепте немесе балабақшада еңбек етсе, оның еңбек өтілінің ұпайы екі еселенеді. Әлеуметтік мүмкіндігі төмен жандар үшін де жеңілдетілген жағдай жасалған, олардың қатарына көп балалы отбасылар, 1 және 2-топ мүгедектері, толық емес отбасылар, ата-анасы жоқ балалар және басқалар кіреді

Былтыр аталған бағдарлама аясында алматылыұ 100-ге жуық адам баспаналы болған еді. Сол кезде қала басшылығы жобаның сәтті жүзеге асқанын және жыл сайын жалғаса беретінін айтып, алматылық жастарды қуантқаны есте.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары