$ 448.56  478.03  4.79

Зейнетақы қорына жиналған ақша жас отбасыларға таратылып беруі мүмкін

Сенаторлар зейнетақы қорындағыларға жас отбасылардың жиған қаржыларын қайтарып беруді ұсынды деп мәлімдеді КТК телеарнасы. Отбасылар ол соманы баспана алу үшін бастапқы жарна ретінде пайдалансын дейді депутаттар.

«Сол зейнетақы қорындағы қаражатты жас отбасыларға «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекалық үй алуға мүмкіндік берсе... Олардың ең болмағанда бастапқы жарнаға жететін ақшасы жоқ. Осындай жас отбасыларға неге көмектеспеске?» - дейді Сенат дептутаты Нариман Төреғалиев.

Бұл ұсынысты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшысы қолдай қоймады. Нұрбүбі Наурызбаеваның айтуынша, ондағы қаржыны салымшылардың емделуіне, оқу ақысына және ипотекаға пайдалану жайы қаралмаған. Бұл заңда да жазылмапты. Оның үстіне, адамдардың жеке шотындағы қаржы алдын ала таратып беруге жеткіліксіз. Зейнеткерлік жасқа жетсе де шотында небары  2-3 миллион теңге жиналған азаматтар көп екен. Ол үшін жұмысшылар ай сайынғы салымды да 10 пайыздан көтеру керек дейді қор басшысы. Бүгінде жалпы Бірыңғай зейнетақы  қорында 8 триллион теңге жиналыпты. Сондай-ақ, Наурызбаева қордағы қаржыны индексация жасауға қатысты да жауап берді. Бұған дейін мәжілісмендер жұрттың қартайғанда қажет болады деп,жинап жүрген ақшасы күн санап құнсызданып бара жатқанын айтып, индексация жасауды талап еткен болатын.

Нұрбүбі Наурызбаева, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ басқарма төрайымы:

- Егер теңге қайта нығайса  не істейміз? Онда үстемені кері қайтарып алайық дейміз бе? Меніңше,  валюта бағамының құбылуын қордағы қаржымен  байланыстыру дұрыс емес. Индексацияны зейнетақы қоры жасамайды. Оны Ұлттық банк реттейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары