$ 448.89  477.93  4.76

Қытай Алматыны халықаралық сауда-логистикалық хаб ретінде қарастыруда

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының  ұйымдастыруымен, Алматыда Гонконг саудасын дамыту бойынша кеңестің HKTDC (Hong Kong Trade Development Council) кеңсесі ашылды.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Дінмұхамед Әбсаттаровтың айтуынша,  қытай тарапын Алматыда Гонконгтан кейінгі әлемдегі 8-ші сауда-логистикалық хабты құру бойныша жұмысты бастауға шақырды. Ол үшін барлық көліктік және геоэкономикалық мүмкіндіктер бар.

«Қазақстан Азия мен Еуропаны байланыстыратын жаңа Жібек жолының орталығында орналасқан. Келешекте үш экономикалық блок – Солтүстік Америка, Азия мен Еуропа әлем экономикасын қалыптастыратын болады. Сарапшылардың бағалауы бойынша 2020 жылға қарай Қазақстан арқылы жүретін транзит көлемінің 36 млн тоннаға, ары қарай күніне 50 млн тоннаға дейін өсуі күтілуде. Еуропалық одақ және ҚХР арасындағы сауда алдағы екі жылда 800 млрд АҚШ долларынан асады», – деді Басқарма мүшесі.

Дінмұхамед Әбсаттаров Қазақстан дүниежүзілік ЖІӨ-нің үштен екі бөлігі бақыланатын әлемнің бөлігінде орналасқанына шетелдік делегацияның назар аудартты. ЕАЭО мемлекеттерінің халық саны 180 млн адамды құрайды, орта Азия елдерінің халық саны – 50 млн адам, ал Батыс Еуропаның халқы 300 млн адамды құрап отыр. Осы макроаймақта Қазақстанның оңтүстік астанасының көліктік-сауда мүмкіндіктері, оның геостратегиялық орналасуы мен тарихи қалыптасқан сауда арналары жақын болашақта Алматы қаласын халықаралық сауданың өңірлік орталығына айналдыратыны сөзсіз.

Өз кезегінде HKTDC Гонконг саудасын дамыту бойынша кеңес төрағасының орынбасары Реймонд Ип осы ұсынысқа толық қолдау білдірді. Ол Астана қаласында жұмыс істеп тұрған Халықаралық қаржы орталығы (AIFC) және Алматыдағы трансмемлекеттік сауда хабтың юрисдикциясына ағылшын құқығы мен субъектілерді қорғаудың (Гонконг арнайы автономды өңіріндегі балама бойынша ) англо-саксондық жүйесін енгізу мүмкіндігін айтты.

Қазақстан мен Орта Азиядағы HKTDC өкілдігінің басшылығына Алматы қаласы Іскер әйелдер кеңесі төрайымының орынбасары, Қазақстан Сыртқы сауда палатасы Төрағасының кеңесшісі Ақеркін Эралиева тағайындалды. HKTDC өкілдігінің кеңсесі Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасында орналасады.

Шараға HKTDC төрағасының орынбасары Реймонд Ип және Қытай мен Гонконгтың 70 ірі көлік, құрылыс, инвестициялық, сауда және қаржы корпорациялары өкілдерінен құрылған бизнес делегациясы қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары