$ 443.85  474.3  4.8

Алматыда «Үздік инновациялық жоба» байқауы өтті

«Үздік инновациялық жоба» байқауы биыл да өз жалғасын тапты. 2013 жылдан өткізіліп жатқан шараны Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен «Ел-шежіре» қоғамдық қоры ұйымдастырып отыр. 3 ай уақыт ішінде жоғарғы оқу орындарының студентерінен 30-ға жуық әлеуметтік және бизнес жобалар келіп түсті.

Бірінші кезеңде барлығына жоғары баға беріліп, тегін тренингтерге жолдама алды. Тренингтерді Жастар Innovation жобасы аясында кәсіби бизнес тренерлер және жетекші кәсіпкерлер жүргізеді. Басқосу Алматыдағы SmArt Point Коворкинг орталығы мен DEPO Evolution Park жастар лофт орталығында өтеді.

Бір ай ішінде қатысушыларға жетекші мамандар білім беріп, өз саласы жайындағы мол тәжірибесімен бөліседі.

– Қазақстанның жас кәсіпкерлеріне тәлімгер ретінде танымал кәсіпкерлер таңдалып алынды. Олар кездесу барысында іскер, табысты кәсіпкерлермен кездесіп, олардың жеткен жетістігі жайындағы мол тәжірибелерімен танысады, –  дейді ұйымдастырушылар.

Байқауға «Айқын» газетінің бас редакторы, публицист Нұртөре Жүсіп, «Байқадам» холдингінің басқарушысы – Арман Байқадам, «АХ-GROUP» BAZA ЖШС бизнес жаттықтырушы Жан Ақсартов, Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры Алма Ауғанбаева қазылық етті. Нұртөре Жүсіп өзінің көңілінен шыққан үш жобаны ерекше атап, іс жүзінде жүзеге асыру керек екенін алға тартты.  

Байқау қорытындысы қазан айының соңын­да жарияланады. Қатысушылар сер­тификат, ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары