$ 448.89  477.93  4.76

Алматыда биыл 130 кәсіпкерлік жобаға қолдау көрсетілген

Алматының жалпы өңірлік өнімі 4 пайызға өсті. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Бағдат Телебай мәлімдеді.

Кәсіпкерлер палатасының директорының деректеріне сүйенсек, соңғы 9 айда тауарлар өндірісінің үлесі 6,8 пайызды, қызмет көрсету саласы 86,4 пайызды құрап, 170 мыңнан аса заңды тұлға тіркелген. Өңдеу өнеркәсібі өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 5,2 пайызға, бөлшек сауда айналымы 10,1 пайызға артқан. Ал «Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасының шарапатын 130 кәсіпкер көріпті.  

«Биыл бұл бағдарламаға 5 миллиард 700 миллион теңге қаражат бөлініп, 130 жоба мақұлданды. Нәтижесінде, 1400-ден астам жұмыс орны сақталып, жаңа 700 жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, Алматыда шағын және орта кәсіпкерлікті ынталандыру үшін жергілікті қазынадан қосымша 1 миллиард 700 меллион теңге қарастырылды. Мемлекет басшысының «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын 2025-жылға дейін ұзартқаны кәсіпкерлеріміз үшін керемет мүмкіндік беріп отыр», – деді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Бағдат ТЕЛЕБАЙ.

Бұдан бөлек, қалалық палата жеті сала бойынша 300-ден астам кәсіпорынға паспорттау жүргізген. Нәтижесінде, кәсіпорындар жүктемесінің аздығы, қаржы ресурстарының жеткіліксіздігі секілді проблемалар анықталған. Енді кемшіліктерді жоюға Кәсіпкерлер палатасы білек сыбана кіріспек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары