$ 446.49  475.38  4.79

Сүт қабылдау пунктінің пайдасы көп

Батыс Қазақстан облысындағы 227 ауыл шаруашылығы кооперативі болса, оның біреуі - сүтті бағытта. Ол Теректі ауданындағы «Достық» ауыл шаруашылығы кооперативі.

Құрылғандарына бір ғана жыл болған бұл шаруашылықтың өндірістік базасы Покатилов ауылында орналасқан. Кооператив жергілікті 20 адамды жұмыспен қамтып отыр. Сүт өндірісі бағытындағы мал шаруашылығын жандандыруды қолға алған шаруашылықтың қадамы алымды. Кооперативке қарасты сүт қабылдау пунктімен өткен жылы 20 тонна, ал биыл 187 тонна сүт өндірілді. Сүт «Каверин С. В.» жеке кәсіпкерлігіне тапсырған. Әр он бес күн сайын жиналған ақшасын алып отырған тұрғындардың сүт өткізуге қызығушылығы артқан. Кооператив басшысы Қарлығаш Сералиеваның айтуынша, сүт қабылдау пунктіне жүгінушілердің саны 40-тан асып жығылады.

«Достықта» 207 ірі қара болса, соның 106-сы – аналық. Өткен жылы әрқайсысының құны 320 мың теңге болатын симментал тұқымды екі бұқа сатып алынды. Бүгінде бұл бұқалардың тұқымдық мерзімінің өтуіне байланысты етке тапсырылған. Сүт қабылдау пункті жүйелі жұмыс жасауды қолға алғаннан бері ауылда ірі қара ұстаушылардың саны күрт өскен. Олардың дені жастар екенін айтады жергілікті атқарушы билік өкілдері.

– Облыста алғаш болып қолға алынған бұл жобаның халыққа пайдасы зор. Жергілікті тұрғындардың мал ұстауға қызығушылығы артты. Енді олар сүтті арып-апшып қалаға тасымай, осындағы қабылдау пунктіне өткізеді. Қазір сүтті тапсырғандар айына орта есппен 100 мың теңгедей пайда тауып, қаржыларын мал басын көбейтуге жұмсауда, – деді Покатилов ауылдық округінің әкімі Лунара Сердалиева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары