$ 446.49  475.38  4.79

Шыңғырлаулық шаруалар қыстан қысылмайды

Шыңғырлау аудандағы 8 ауылдық округіндегі 40 қыстақ қыс маусымына толықтай дайын.

Бұл қыстақтарға иелік етіп отырған шаруа қожалықтары жаз бойы малдың шем-шөбін дайындап, қораларды жөндеп, ауылдық округ орталықтары мен күре жолдармен байланысатын жолдардың қар басуын болдырмау үшін қажетті техникаларын да сайлап қойды. Мәселен, «Жарас», «Ақтау» шаруа қожалықтары тек өздерінің ғана емес, ауыл округтардың күре жолдарын қардан тазартуға жыл сайын өз үлестерін қосып келе жатыр. Жалпы әр ауылда қыстаққа жол ашитын техника бар.

Аудан бойынша қысқа кіретін төрт түліктің қоңы жаман емес. Яғни 30208 ірі қара, 42936 қой-ешкі, 6338 жылқы, 58 түйе суықтан қысылмай шығуы керек.

– Үкімет тарапынан беріліп отырған түрлі көмек-қолдаулар ауданымыздағы мал шаруашылығының одан әрі дамуына сеп болуда. Бүгінгі таңда әр қожалық өздерін техникамен қамтамасыз етуге, материалдық базасын жақсартуға мол мүмкіндік алып отыр. Жыл сайын мал көбейіп, одан өндірілетін өнімдердің сапасы да артуда. Ет экспортына үлес қосып жүрген қожалықтардың саны көбейтіп келеді. Ал сүттен алынатын өнім түрлері аудан, облыс, тіпті көрші Ақтөбе, Атыраудың нарықтарына жеткізуде. Шаруа баққан жандарымыз жаз бойы еңбектеніп, малдың азығын да шашау шығармай жиып алады. Мал азығы жоспарланған деңгейде, яғни 65100 тонна жиналды. Биылғы жылы да шарауларымыз қыстан қысылмай шығады деп сенеміз,-дейді Шыңғырлау аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Азамат Бисенбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары