$ 448.89  477.93  4.76

Бәсекеге қабілеттілік – басты өлшем

Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы ірі астық егетін компанияларға сенімді басқаруға берілмекші.

Бұл туралы БҚО әкімінің бірінші орынбасары Игорь Стексов мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай шара аталмыш кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Яғни егістік алқаба кең шаруашалықтардың құрамына кіргеннен кейін станция мамандары ғылыми жұмыстарын заман талабына сай кең көлемде атқаруына мүмкіндік жасалмақшы. Бұл бағыттағы алғашқы жұмыс тұқым қорын қалыптастырудан басталуы керек. Биыл облыста егіннің орташа өнімділігі гектарына 6 центнерді құрады. Бұл аздау. Облыста қажетті препараттар, гербицид, тыңайтқыш тағы басқасы да жеткілікті болды. Мемлекеттің қолдауымен диқандар қолдан келетін шараларды жасалды. Алайда табиғат жағдайына байланысты егін шығымы ойдағындай болған жоқ. Ал Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының элиталық тұқым шаруашылығының мәртебесі болған соң жоғары репродукциялық және элиталық тұқымдарды өсіреді. Ол дақылдар ыстыққа, түрлі ауруларға төзімді келеді әрі өнімділігі жоғары. Бірақ ондағы баға қымбат. Сол себепті тұқым өнімдерін шаруашылықтың бәрі бірдей ала алмайды. Егер жекеге берілсе, бағаны төмендетуге жағдай жасалуы мүмкін.

-2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап астық өндірсіне қатысты жаңа заңнама іске қосылады. Енді диқандар жыл сайын астық тұқымының сұрпын ауыстырып отыруы керек. Егер олай болмаса оларға қарсы қатаң шаралар алынбақшы. Соған байланысты Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының жекеге беру қазіргі таңда өзекті мәселенің бірі,-деді БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының тұқым және астық инспекциясы бөлімінің басшысы Кеңес Кайдашев.

Ернар ХАЙДАР,
Батыс Қазақстан облысы

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары