$ 449.58  486.94  4.86

Мал бағуды ғылыммен ұштастырған ұтады

Орал қаласына қарасты Круглоозерный кенттік округіндегі «Талғат+М» қожалығы шаруашылықты ғылыми негізде жүрізуді қолға алуда.

Қожалық таяуда Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-мен мал шаруашылығын ғылыми дамыту бағытында бірігіп қызмет ету туралы келісімге отырды. Бұл бірінші кезекте қожалық үшін тиімді. Себебі, технология дамыған заманда мал бағуды ғылыммен ұштастыра білген ұтады. Сондай-ақ болашақта мұнда орнатылу жоспарланып отырған қораның тазалығына, ветеринарлық шараларға қажет түрлі құрылғының бәрі тиісті талапқа сай болады. Екі жақты келісімнің университетке пайдалы жағы бар. Шаруашылық қаланың дәл түнбінде болғасын аталмыш ЖОО-ның студенттері, магистранттары келіп, малды бонитировкалау және өзге де шараларды жүргізе алады. Олардың ғылыми тұрғыдан жүрзіп жатқан іс-шаралары мұндағы малшыларға да пайдасы болары анық.

Әзірге қожалықта ірі қара, қой, жылқы өсіруілуде. Енді осы малдардан алынатын өнімнің көлемін ұлғайтып, оларды бәсекеге қабілетті ету мақсатында асылдандыруға мән беру жоспарланып отыр. Соған орай асыл малдар әкелініп жатыр. Қазіргі таңда қожалықтағы 20 шақты симменталды тұқымды сиырлардан алынып отырған сүтке қаладағы әлеуметтік мекемелерден тапсырыс бар. Енді ешкі сүтін өндіру жоспары тұр. Соған орай Орынбордағы шаруашылықтардан 30 асыл тұқымды шекшек ата түлігін алып келмекші.

Аталмыш шаруашылыққа жетекшілік етіп отырған Талғат Сидық - Ақ Жайық өңіріне танымал азаматтың бірі. Кезінде облыстағы біраз шаруашылықтарда еңбек еткен ол артынан Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары болды. Бүгінде мал шаруашылығын ғылыми негізде зерттеп жүр. Таяуда ол Ресейден ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы атағын қорғап келді.

- Шаруашылығымыздың меншігінде 500 гектардай жер бар. Төрт-бес жылдан бері 150 гектар жерге егін салып келеміз. Біздің жақтың климаты күрт континенталды болғандықтан, астық бірде жақсы шыққанымен, бірде жөнді болмай қалады. Сол себепті егіс алқаптарына әртараптандыру жұмыстарын жүргізудеміз. Соған орай биыл алғаш рет 50 гектарға күздік бидай егіктік. Алдағы уақытта көп жылдық мал азықтық дақылдарды егуге де басымдық бергіміз келіп отыр,-дейді Талғат Мұстажапұлы.

Ернар ХАЙДАР,
Батыс Қазақстан облысы

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары