Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

11.01.2019, 17:32

Қазақстан Ресейден бензин импорттауды уақытша тоқтатпақ

Азаттық

Қазақстан Ресейден бензин импорттауды үш айға тоқтатуды жоспарлап отыр. Қазақстан энергетика министрлігінің хабарлауынша, энергетика министрі Қанат Бозымбаев Ресейден теміржолмен бензин тасымалдауға үш айға тыйым салу туралы бұйрық жобасын даярлады деп жазады Азаттық.

Бұйрық жобасына индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі мен қаржы министрі келісім беруі керек. Бұйрық жарияланған соң он күн өткенде күшіне енеді.

Қанат Бозымбаев былтыр желтоқсанның басында Қазақстан жыл соңына дейін Ресейге дизель экспорттауға жарты жылға тыйым салатынын хабарлаған. Министр мұның алдында тыйым салуға Ресейде дизельдің бағасы қымбат болғандықтан Қазақстаннан жанармайдың осы елге жаппай тасымалдануы себеп екенін айтқан.

Қазақстан Ресейден бензин тасымалдауға 2018 жылы тамызда да үш айға тыйым салған. Ол кезде энергетика министрлігі Қазақстанда үш мұнай өңдеу зауыты жаңаланған соң елде бензин қоры сұранысты артығымен өтейтінін мәлімдеген.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.