«Алтынемел» мен Қаратау қорығы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік тізіміне енді - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

«Алтынемел» мен Қаратау қорығы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік тізіміне енді

16.06.2017 10:50
«Алтынемел» мен Қаратау қорығы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік тізіміне енді

12-15 маусым аралығында ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде «Адам және биосфера» бағдарламасы халықаралық үйлестіру кеңесінің кезекті сессиясы өтіп, онда ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік тізіміне  23 жаңа биосфералық қорықты енгізу туралы шешім қабылданды деп жазады Қазақпарат  БҰҰ Жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

ЮНЕСКО-ның желісін толықтырған нысандар қатарында Қазақстандағы «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық саябағы мен Қаратау биосфералық қорығы, Ресей мен Қазақстандағы «Үлкен Алтай» биосфералық қорығы, сондай-ақ Ресейдің «Хакасский», «Кизлярский залив» және «Метсола» қорықтары бар.

Айта кетейік, «Үлкен Алтай» биосфералық қорығына Ресей Федерациясындағы Катун биосфералық қорығы мен Қазақстандағы Қатонқарағай биосфералық қорығы жатады. «Үлкен Алтай» қорығының жалпы аумағы 1,5 млн гектардан асады.

Биосфералық қорықтар - биоәртүрлілікті зерттеуге арналған «тірі зертханалар» мен табиғи ресурстарды кешенді басқару үшін түрлі тәсілдемелерді сынау алаңы саналатын аймақ. Қазіргі таңда дүниежүзілік биосфералық қорықтар желісінде 120 елде орналасқан 700 нысан бар. 

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші