Алматылық зиялылар латын әліпбиінің жаңа нұқасына оң бағасын берді - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

11.10.2017, 09:40

Алматылық зиялылар латын әліпбиінің жаңа нұқасына оң бағасын берді

Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу процесі қоғамда әлі талқыланып жатыр. Кешегі қыркүйектің 11-де Парлментке ұсынылған жаңа әліпбидің нұсқасы қоғам белсенділері тарапынан көп сынға ұшырағандықтан, күні кеше тіл мамандары Мемлекет басшысына латын әліпбиінің тағы бір нұсқасын ұсынып көрді. Әзірге бұл жоба да талқыланып жатыр. Ал, ұлт зиялылары болса соңғы нұсқаны қолдап, ең тиімдісі осы екенін айтып отыр.

Досқан Жолжақсынов, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, кино және театр актері:

- Әрине латын әліпбиіне көшу керек. Себебі біздің келешегіміз осыған да байланысты болып келеді. 30 дамыған мемлекеттің қатарына қосылу да осыған байланысты. Латын әліпбиіне өту әлемдік инновацияларды жедел игеруге, келешегімізге нық басып, технология мен коммуникацияны меңгеруде мүмкіндік беретін құрал. Сонымен қатар кең сөйлеуге, ағылшын тілін және медицина саласын меңгеру үшін жол ашатын мемлекеттік маңызды шаруа. Бір сөзбен атап айтқанда, бұл ғажап дүние. Бұдан айырылып қалмау керек. Ортамызда ши шығармай, бәріміз біртұтас бірігіп шешілетін мәселе. Келешек ұрпақ үшін, саясатымыз үшін маңызы бар өзгеріс.

Рахман Алшанов, «Тұран» университетінің ректоры, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы:

- Кешегі жиында Елбасымыз айтқандай латын қарпіне көшуге байланысты халықтан 300 ден астам ұсыныс келіп түсті. Күрделі мәселе болғандықтан халықтың пікірін білу маңызды. Біраз нәрсе ескерілді, жұмыс жалғасып келеді.

Жалпы, атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі бағыттары өте дұрыс деп есептеймін. Жобаны іске асыру барысында әлемдік тәжірибе ескерілді. Бұл өте маңызды.

Сонымен қатар, Елбасымыз айтқандай қазақ тілінің латын қарпіне көшуі орыс тілді азаматтардың құқықтарын, орыс тілі мен басқа да тілдердің мүмкіндіктерін шектемейтіндігі және орыс тілінің бұрынғыдай қызмет атқара беретіні жайында пікірімен толықтай келісемін. Қазақ тілінің жазу тарихында әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. Мысалы, 8 ғасыр бойы қазақ халқы араб алфавитін жүргізді, одан кейін 10 жылдан астам латын алфавитін пайдаланды. Осы ретте, халқымыздың латын алфавитін еш қиындықсыз игеріп кетуіне күмән жоқ.

Айгүл Исмакова, профессор, филология ғылымдарының докторы:

- Бұл күндері қазақ тілінің жаңа әліпбиіне байланысты мәселе қоғамда қызу талқылануда. Елбасымен кездескен ғалымдар А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының дайындаған жобасын ұсынды. Бұдан бұрын ұсынған 25 әріптен тұратын 3 таңбалы әліпби қиындау болып келсе, кешегі ұсынған нұсқа ең қолайлы және көпшіліктің ойынан шығады. Ғалым ретінде бұл өзгерісті толығымен қолдаймын.

Дегенмен, тұтастай алғанда әліпби жобасында әлі де ойланатын, сарапқа салып, тәжірибеден өткізіп барып қолданысқа енгізетін тұстар бар.

Сонымен бірге, еш асығыстық танытпай қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру үдерісіне қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажет деп есептемін.

Пікір  

+ 0 Санди 11.10.2017 10:20
Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы ақылға қонымдырақ екен. Көп талқыласақ тағы да қоғам екіге жарылады деп ойлаймын. Сондықтан тез шешім шығару керек
Жауап беру
+ 0 Мунира 11.10.2017 10:26
Әр ұлттың өзіндік ұлттық төл әліпбиі болуы тиіс! Сондықтан бұл мардымды шешім деп ойлаймын
Жауап беру
+ 0 Шакира 11.10.2017 10:34
Латынды үйрену қиын емес. Сондықтан қорқудың қажеті жоқ
Жауап беру
+ 0 София 11.10.2017 10:36
Иаааа, латынға көшетін кез келді деген осыыыы)
Жауап беру
+ 0 Милена 11.10.2017 10:37
25 қаріптен гөрі 32 қаріп дұрыс қой негізі
Жауап беру
+ 0 ТТТ 11.10.2017 10:43
Латынша жазуды үйреніп алғансың ғо уже хе хе))
Жауап беру
+ 0 Айжан 11.10.2017 11:32
Бұл талқылауға қоғам жақсы атсалысып жатыр десек артық болмас. 300-ден аса ұсыныс-тілектің өзі осының дәлелі.
Жауап беру
+ 0 Қайрат 11.10.2017 14:22
Қоғам қайраткерлері мен белсенділерінен артық білмейміз. Дегенмен бір білетініміз латын қарпінен ұтатын ұсымыз көп. Оның бірі жастарға ағылшын тілін игеруге үлкен жол ашылады.
Жауап беру
+ 0 Камшат 11.10.2017 14:51
Мәселені мәнісін зиялы қауымнан артық білетін ешкім жоқ қой. Барлығын тереңінен түсінетін де сол кісілер. Латын алфавиті еліміздің болашағына үлкен бір серпін береді деп күтеміз.
Жауап беру
+ 0 Маңғыстау баласы 11.10.2017 17:06
Зиялылар бар ма сірə !? Қазаққа шын жанашырларды үкімет басынан аластатып, "А" мен "Ə" - ні, "О" мен "Ө" ажырата алмайтын, орысқұлдықтан шыға алмай жүрген, өз тілін білмейтін, ата-бабадан келе жатқан салт-дəстүр, дінін құрметтемейтін атеист мəңгүрттерді толтырып қойған. Сондықтан да қазіргі зиялысымақтардың халқына зияны көп болып кетті ғой. Білдей профессор, академик болғандары не керек, тілдері кəлиманы білмесе, жаратқан құдайын танымаса.
Атасына нəлеттер, 30-дамыған мемлекет дейді, бірінші ішкі халықтың хал-жағдайын жақсартып, дамытып алыңдарсайшы !
Осыншама байлықтың үстінде тұрып, 25-жылда бүкіл елді өздеріне қарататындай өнеркəсіп, завод, фабрика т.т сондай əлемге танылатындай нəрселерді неге жасамады. Зиялысымақтар мақтап-марапаттаған ға мəз, биліктегілер жегеніне мəз.
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші