Дәулет - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

Қостанай облысы, Амангелді ауданында Кейкі Көкембайұлы кесенесі бой көтерді деп жазады ҚазАқпарат.

Шымкентте алғаш рет облыстық «Жастар ресурстық орталығының» жанынан «Шаңырақ» жас отбасылар мектебі ашылды. Алдағы уақытта аталған мектеп жастарға ғана емес, жас отбасылар мен болашақ келіндерге, отбасын құруды ниет еткен ер жігіттерімізге де кеңес беріп, қызмет көрсететін болады.

Вторник, 15 тамызда 2017 13:32

Салық саясатында өзгеріс көп

Бүгінгі таңда салық саясатына заманауи өзгерістерді енгізіп, саланы жетілдіріп отыру арқылы кәсіпкерлерге көмек көрсетіліп келеді. Оның ішінде Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті салық жүйесінің тиімді реформалауға баса көңіл бөліп отырғанын ерекше атап өтуге болады. Соңғы уақыттағы салық саясатындағы өзгерістер мен жаңалықтар туралы бізге департамент мамандары айтып берді.

Жергілікті тұрғындар саны 220 мыңнан асатын Алматының Алатау ауданының соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері өсе түскен. Оны салық түсімдерінің деңгейінен байқауға болады. Мәселен, 9 жыл  ішінде ауданның салық түсімдері 6,5 млрд. теңгеден 22 млрд. теңгеге дейін артыпты. Оның ішінде республикалық бюджетке түскен салық үлесі 3,7 млрд. теңгеден 12,6 млрд. теңгеге дейін көбейген.

Ш.Шөкин атындағы Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институтында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ғалым-энергетик, еліміздегі энергетика ғылымының негізін қалаушы, техника ғылымдарының докторы, профессор, академик Шапық Шөкинге ескерткіш ашылды. Шара академиктің туғанына 105 жыл толуына орайластырылған.

Данагөй шешен, заманын­да се­гіз ханға кеңесші болып, қазақтың қасиетті заң­дар жинағы «Жеті жарғыны» жасақтауға қатысқан ұлы кемеңгер Қазыбек биге биыл 350 жыл. Осыған орай елімізде «Қаздауысты Қазыбек би жолымен: Бабаларға тағзым!» атты халықаралық автокеруен жолға 19 тамыз күні жолға шыққан болатын. Керуен Қазақстан мен Өзбекстанның қалаларынан өтіп бүгін Оңтүстік Қазақстан облысына келіп жетті. Ауқымды жоба Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру аясында қолға алынған.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген басым бағыттардың бірі – «Қазақстанның киелі жерлерінің картасы» екені белгілі. Бүгінде бұл картаны әзірлеу үшін Астанада арнайы жұмыс тобы құрылып, облыстардан ұсыныстар қабылдап жатыр. Ұсынылған киелі орындардың бірі – Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ордабасы тауы. Мұнда Жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақтың үш жүзі бас қосып, жауға қарсы жұдырықтай жұмылғаны белгілі. Енді осы тау басына үш бидің ескерткіші орнатылмақ. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыстық мәслихаттың кезекті XIV сессиясында айтты.

Бұған дейін жылыжай десе көз алдымызға бірден Оңтүстік Қазақстан облысы елестейтін. Өйткені, жылыжай жүйесі осы облыста ерекше дамыған. Қысы-жазы өнім беретін полиэтилен жабындылары кейінірек еліміздің өзге өңірлерінде тәжірибе ретінде салына бастады. Артынша тәжірибе өз нәтижесін беріп, бүгінде тек Оңтүстік Қазақстан облысында ғана емес, солтүстік, батыс, шығыста да жылыжайлар жыл он екі ай өнім бере бастаған.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі елге инвестиция тарту жұмыстарын жандандыратын болады. Ол үшін алдымен инвестиция құюға бейім мемлекеттердің тізімі жасалатын болады. Бұл туралы аталған ведомство басшысы Жеңіс Қасымбек Үкіметте өткен брифингте мәлімдеді.

«Шымкент» ӘКК» ҰҚ» Акционерлік Қоғамы 2017 жылғы жарты жылда атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Атап айтқанда, осы жылдың 6 айында компанияның табысы 83,1 млн теңге болған. Айта кету керек, осынау оңды нәтиже соңғы үш жылда алғаш рет тіркеліп отыр.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші