Есімдер

Ырысгүл

Ырысгүл - ырыс және гүл сөздерінің бірігуінен құралған. Ырыс – құт. Гүл – гүлдей құлпырсын деген мағынада қойылған. Құлпырып жүре берсін, құтты болсын деген оймен қояды.

Ырысбала

Ырысбала - бақытты, ырысты қыз бала. Синонимдері — Ырысжан, Ырысқан, Ырысқалым.

Ырысалды

Ырысалды - ырыстың, бақыттың алды. Қазақ тұңғыш балаға ырыстың бастауы болсын деп осындай есім берген.

Ықылас

Ықылас - араб тілінен алынған, әхлас — пейіл, ниет, берілу, ашықтық, адалдық.

Ықсан

Ықсан - араб тілінен алынған ихсан — жақсылық, қайырымдылық; көркемдік, нұрлылық.

Ыбырай

Ыбырай - көне еврей тілінен келген Абраам — ел атасы. Оның халық арасында Ибрагим, Ыбрайым, Ибраим, Ыбыраш тәрізді түрлері кездеседі.

Шынар

Шынар - қазақ тілінен алынған — биік, тау терегі, шынар ағашы; жадырақты зәулім биік ағаш; ауыспалы мағынасы колжетпес биік, асқақ.

Шымыр

Шымыр - нығыз, берік, денесі мығым; батыл. Біріккен тұлғалы есім — Шымырбай.

Шығанақ

Шығанақ - құрлықпен ұштасқан су кеңістігі, айлақ. Бала шығанақта туған себепті осындай есім берілуі мүмкін.

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.