$ 448.15  483.46  4.86

Гумилев атындағы ЕҰУ қос бірдей әлемдік рейтингте қазақстандық ЖОО арасында көш бастады

Жақында Испанияның ірі қоғамдық ғылыми-зерттеу институты – Ғылыми зерттеулер жөніндегі Жоғарғы кеңесімен әзірленген (Consejo Superior de Investigaciones Científicas (CSIC)) Webometrics «TRANSPARENT RANKING: Top Universities by Google Scholar Citations» жаңа рейтингтің нәтижелері белгілі болды.

Рейтинг әлемдік ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижелерін жоғары оқу орнының сайтына жариялау бойынша есептелінеді. Қорытынды кестеде әлем университеттерінің 4 982-сі ұсынылған. Олардың ішінде 6 – қазақстандық ЖОО.

Қазақстан бойынша Еуразия ұлттық университеті әлемдік рейтингіде (725-ші орын) көш бастады. Назарбаев Университеті 1 382-ші орын, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – 3 559-шы орынға табан тіреді. Сонымен қатар рейтингке Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (4 077 орын), Қазақстан-Британ техникалық университеті (4 935 орын) және С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті (4 961 орын) кірді.   

Webometrics рейтингісі университет жариялайтын веб-беттердiң көлемімен, (көрнекiлiк) және әсерімен (тиiмдiлiк) өлшенедi, университеттегі ға­­­ламтор желісіндегі ғылыми жа­рияланымдар, әр ЖОО ғалым­да­рының зерттеу еңбектері, олар­ға жасалған сілтеме ескеріліп, басты нысанаға ЖОО-ның ғылыми-зерттеу әлеуеті алынады. Жарияланымдар саны Google Scholar сайты арқылы есептелінді. Ағымдағы рейтинг 2017 жылдың 2-4 шілдесіне арналған мәліметтер бойынша өлшенді. Әлем университеттері бойынша рейтинг нәтижесімен мына сілтеме арқылы танысуға болады: http://webometrics.info/en/node/169.

Мұнымен қоса, Webometrics Ranking of World Repositories рейтингісінің қорытындысы бойынша Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ әлем бойынша 878 орын және Қазақстан бойынша І-ші орынды иеленді. 2017 жылдың шілде айындағы рейтингке 8 қазақстандық электрондық ғылыми мұрағат ұсынылған екен. Атап өтетін жәйт, 2017 жылдың қаңтарында саралау нәтижесі бойынша Еуразия ұлттық университетінің репозиторий қоры әлемде 1 973 орын,  республикамызда IV-ші орыннан көрінген болатын.

Осылайша, екі түрлі әдістеме есебі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ғылыми зерттеулер жөніндегі Жоғарғы кеңесінің (Consejo Superior de Investigaciones Científicas (CSIC)) пікіріне сәйкес Қазақстанның үздік университеті болып табылатындығын көрсетіп отыр.

Еуразия ұлттық университетінің ұжымын зор жетістігімен құттықтай отырып, ғылым-білім жолында алдағы уақытта жаңа табыстар мен жоғары жетістіктер тілейміз! 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары