Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


10.11.2017, 18:00

Алматыда ақылды аялдамалар пайда болады

Алматыда ұялы телефонды қуаттап, Wi-Fi желісіне тегін қосылуға болатын инновациялық аялдамалар орнатылады. Бұл туралы «Science Slam - Kazakhstan» ғылыми шоуында белгілі болды.

Жиынды қала әкімдігі ұйымдастырып отыр. Оған жол-көлік техникасы саласының мамандары, әкімдік қызметкерлері және жас ғалымдар қатысты.

- Инновациялық аялдамада телефонды қуаттауға болады. Ол үшін энергия күн батареяларынан алынады. Түнде аялдама жинақталған энергиямен жарықтанады. Сондай-ақ екі бақылау камерасы, тегін Wi-Fi, 42-дюймды үлкен экран, «Сити-роутер-навигатор» болады. Қала тұрғындары үш тілде ақпарат ала алады. Қаланың бір бұрышынан екіншісіне қалай жетуге болады, қандай көрікті орындар бар деген сияқты. Біз ауа ластануын тым болмаса 15-20%-ға азайта аламыз деп сенемін, - деді жас ғалым Нұрлан Кәрімжанов.

Естеріңізге салсақ, мұндай аялдамалардың бірі қазір Жандосов-Манас көшелерінің қиылысында тұр. Қалада тағы 6 аялдама жасау туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр.

- Талантты жастарды, жас ғалымдарды қолдау мақсатында Н.Назарбаев атындағы қор тек грант таратумен шектеліп қалмай «Science Slam» сияқты маңызды шараларды өткізіп келеді. Бұл жастардың арасында ғылымға, білімге деген құштарлықты ояту үшін жүзеге асырылады.  Бұл оңай жұмыс емес, әрине. Бірақ үшінші жыл қатарынан қатысушылардың деңгейі артқанын, жобалар сапасының жақсарғанын атап өтуге болады», - деді Қордың Алматыдағы өкілі Сергей Тоқтаров.

Айта кетейік, Алматыда «Science Slam - Kazakhstan» ғылыми шоуы ҚР Тұңғыш Президенті қорының ұйымдастыруымен осымен үшінші өткізіліп отыр.  Бүгін финалға шыққан 7 жас ғалым ақылды аялдама, инновациялық қоқысхана, шоколад принтері туралы айтты.

Science Slam - жас ғалымдардың stand up форматындағы сайысы. Әр қатысушы 10 минут ішінде өзінің ғылыми жаңалығын жан-жақты таныстырып үлгеруі тиіс.

Нәтижесінде, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті Рафаэль Хисамутдинов «Қатты тұрмыстық қалдық контейнерлерін қашықтықтан басқарудың интеллектуалды жүйесі» жобасымен бірінші орын алды.

Күміс медальға ие болған Халықаралық Ақпараттық технологиялар университетінің студенті Нұрлан Кәрімжанов күн энергиясымен қуаттандырылатын "ecoStation" ақылды аялдама идеясын ұсынды. Үшінші орынға «Еуразия экономикалық одағы аясында тұтынушылар мінез-құлқының крос-мәдени аспектілері» жобасымен  Тұран университетінің студенті Гүлира Абраева лайықталды.

Ақбота Мұсабекқызы

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.