13.02.2018, 17:06

ҰБТ-2018: тест сұрақтары 50 пайызға жаңартылды

Ұлттық бірыңғай тестілеудің сұрақтары 50 пайызға жаңартылды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген отырысында Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов мәлімдеді.

Әлімқұловтың айтуынша, Ұлттық тестілеу орталығы мемлекеттік тапсырыс төңірегінде тест тапсырмаларын жыл сайын 35%-ға жаңартады екен. Бірақ биыл оны 50 пайызға жаңартыпты.

2018 жылғы тест тапсырмалары 120 мың сұрақтан тұрады. Ал, бұл көрсеткіш 2017 жылы 80 мыңды көрсеткен болатын.

«120 мың сұрақтың 11 пайызы функционалдық сауаттылықты анықтауға арналған. Ал, 37 пайызға жуығында тест тапсырмаларының жауабы бір немесе одан да көп нұсқамен белгіленді. Осындай сұрақтардың барлығы оқушының ойлау қабілетін арттырып қана қоймай, таңдау пәнін тереңірек түсінуге де өз септігін тигізеді. Ал, жауапты пән саналатын математика болса функционалды сауаттылықты анықтауға бағытталған. Бұл әлемдік талаптарға сай келеді», - деді Рамазан Әлімқұлов.

ҰБТ-2018 сұрақтарында кездесетін сұрақтар қазір онлайн дайындық тесттеріне енгізіліп үлгерген екен. Сондай-ақ, Орталық директоры осы жолғы тестте Қазақстанның танымал тұлғалары туралы сұрақтардың болмайтынын жеткізді.

«Дайындық тестілеу жұмыстары ҰБТ-дан сәтті өтуімізге көмектесетін қосымша механизм. Дегенмен, ҰБТ-да мектепте оқып кеткен ақпараттар қамтылатын болады. Егер оқушы әдебиетті түсінбесе, қайтадан мұқият оқуға тура келеді», - деп кеңес берді ол.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Пікір қалдыру үшін әлеуметтік желі арқылы кіріңіз

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.