$ 448.15  483.46  4.86

МАСҚАРА! Назарбаев зияткерлік мектебіне түсу үшін MC Сайлаубекті білуің міндетті (ВИДЕО)

Назарбаев зияткерлік мектебіне оқуға түскісі келетін талапкер араққа тойып алып, түсініксіз тілде ән айтатын атыраулық «әнші» МС Сайлаубек туралы білуі тиіс. Өйткені, оқу орнына түсуге арналған тест кітапшасында қазақ рэпері туралы сұрақ кездеседі.

Бұған әрине сенгіміз келмейді. Өйткені, аты дардай мектепте нағыз зияткерлер оқуы тиіс емес пе? Алайда, Facebook әлеуметтік желісінде пайда болған видеоны көргеннен кейін амал жоқ, сенуімізге тура келді.

Желіге аталған видеоны Киікбай Жақыпұлы есімді азамат жүктеген. Камераға түсірген адам бұл тест кітапшасы Назарбаев зияткерлік мектебіне түсушілерге арналғанын және ол қазақ тілі пәнінен екенін айтқан, айтып қана қоймай, мұқабаны жақын планмен көрсеткен.

Оқулықты Серікболсын Дүйсембай мен Қазбек Сағидолда жазған. Кітап 2018 жылы жарық көрген.

Сынақ кітапшасында алдымен Сайлаубек туралы қысқаша мәлімет беріліп, кейін тест сұрағы келтіріледі. Онда: «МС Сайлаубкетің жұлдыз болуына не әсер етті?» делінген және төрт жауап берілген.

Аталған видеоны мыңдаған адам көріп, мұны барып тұрған бассыздық, қазақ балаларына қасақана жасалып жатқан қастандық екенін жазуда. Есте болса, қоғам белсенділері бұған дейін де Білім және ғылым министрлігінің реформаларын қатаң сынға алып, оларды ұлт болашағына төнген қауіп деп бағалаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары