$ 443.85  474.3  4.8

Маңғыстаулық 50 мұғалім бизнес-бапкер ретінде тренингтен өтеді

Ақтауда «Өңірлік кәсіпкерлікті дамытудың 7 қадамы» кешенді бағдарламасы аясында 2018 жылдың 16-18 наурыз аралығында «Al-Farabi Education» Business Academy «Кәсіпкер боламын!» жобасы бойынша облыстағы 50 мұғалімді бизнес-бапкер ретінде дайындау тренингінен өткізеді.

Маңғыстау облысында 2017 жылдың желтоқсан айында алғаш рет ұстаздар мен оқушыларға бағытталған «Кәсіпкер боламын!» пилоттық жобасы өткізіліп, жоба аясында 35 мұғалім 40 сағаттық курстан өткен болатын. Қазіргі таңда мектеп оқушыларына кәсіпкерлік негіздері бойынша оқыту сабақтары жүргізілуде.

Сондай-ақ, оқыту курсы ойын түрінде жүргізіледі: жоба үшін арнайы «Кәсіпкер боламын!» іскерлік ойыны жасалынды. Аталған ойын оқушылар арасында өткізуге қатысқан мұғалімге таратылды.

Жобаның басты мақсаты – әлеуетті кәсіпкерлікті жасөспірімдер және мұғалімдер мен ата-аналар арасында дамыту.

Әлеуетті кәсіпкерлер – бұл "Ғаламдық кәсіпкерлік мониторингі (GEM)" зерттеуіне сәйкес, өз ісін әлі ашпаған, бірақ өздерінің кәсіпкерлік қабілеті мен конъюнктурасын оң бағалайтын адамдар. Дәл осы адамдардың көпшілігі кәсіпкер болуы ықтимал. Яғни, әлеуетті кәсіпкерлікті дамыту –болашаққа жасалған стратегиялық қадам.

Сонымен қатар, жоба аяқталғаннан кейін оқушылар, отбасылық командалар және мұғалімдер үшін арнайы бизнес-лагерь өткізу қарастырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары